Конкурс посвященный 32-ой Годовщине вывода войск из Афганистана

Привитие учащимся ценностей мирного созидания.Решения любых конфликтов мирным путем.

Название мероприятия: Конкурс посвященный 32 годовщине вывода войск из Афганистана
Дата проведения: 15.02.2021
Цель мероприятия: Привитие учащимся ценностей мирного созидания.Решения любых конфликтов мирным путем.

«Біз бейбітшілікті жақтаймыз!» атты дәстүрлі жас суретшілер көрме-байқауының

15.02.2021 жылы Кентау балалар көркемсурет мектебінде Кеңес әскерлерінің Ауған Республикасынан шығарылғанына 32 жыл толуына орай «Біз бейбітшілікті жақтаймыз!» тақырыбында жас суретшілердің көрме — байқауы болып өтті. Байқауға жалпы саны 42 оқушы қатысты. Жас суретшілер берілген тақырыпта А – 3 форматта акварель, гуашь, бояуларымен өздерінің суреттерін орындады. Оқушылар өздерінің суреттерінде Кеңес әскерлерінің Ауған Республикасындағы болған соғыстағы көрсеткен ерліктері туралы және соғыс атаулы болмасын бейбітшілік барлық жерде орнасын деп бейнеледі.
Конкурсқа қатысушы оқушылардың жұмыстарын бағалау мақсатында әділқазылар алқасы сайланды . Әділқазылар құрамына : Б.К.М-нің директоры : Н.Жұмаш, мектеп директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары А. Карибаев және мектептің мұғалімі И. Павленко сайланды.
Олар байқаудың жеңімпаздарын жас ерекшеліктеріне қарай 2-топқа бөліп анықтады
10-12 жас аралығындағы жеңімпаздар :
І-орын БКМ-нің 2- сынып оқушысы Ертай Салима ( жетекшісі: Стальмакова Г.А.)
ІІ-орын БКМ-нің 2- сынып оқушысы Құрбанәлі Ғажайып ( жетекшісі: Рысымбетов А.Б.)
ІІІ-орын БКМ-нің 3- сынып оқушысы Тұрсынбеков Ахмет ( жетекшісі.: Карибаев А.М.)
13-16 жас аралығындағы жеңімпаздар :
І-орын БКМ-нің 4- сынып оқушысы Бахтияр Мұхамедәлі (жетекшісі: Умаров У.С.)
ІІ-орын БКМ-нің 4- сынып оқушысы Шамуратова Сабина ( жетекшісі: Стальмакова Г.А.)
ІІІ-орын БКМ-нің 3- сынып оқушысы Бейсенбек Кәусар ( жетекшісі.: Карибаев А.М.)
Жеңімпаз оқушылар мақтау қағаздарымен және естелік сыйлықтарымен марапатталды.
Өткізілген іс – шара оқушыларға , ұстаздарға үлкен Отансүйгіштік, рухани байлық беретін әсер қалдырды.

Ссылка на отчетное видео