Конкурс детского рисунка, посвященный дню космонавтики “Байқоңыр – 2021”

Название мероприятия: Конкурс детского рисунка, посвященный дню космонавтики “Байқоңыр-2021”
Дата проведения: 11.04.2021
Цель мероприятия: Развитие фантазии, познавательных качеств,креативности.

Байқоңыр-2021
Кентау балалар көркемсурет мектебі ЮНЕСКО-клубында 12.04.2021ж. алғаш адамның ғарышқа аттанғанына 60-жыл толуына орай, ғарышкерлер күніне арналған «Байқоңыр-2021» атты дәстүрлі балалар шығармашылық сурет байқауы болып өтті. Сурет мектебінің негізгі оқу курсы бойынша 14 топ және 2 даярлық сыныбы бойынша 45 оқушы қатысты. Байқаудың мақсаты: оқушылардың ой-өрісі мен көзқарастарын кеңейтіп, өздерінің көркемдік қабілеттері мен қияли даралықтарын көрсету, ғарыш туралы өз ойларын қағаз бетіне түсіру, фантастикалық жанрда шығармашылық шеберлігін шыңдау. «Жер ғаламшасы», «Космос», «Басқа планетадан келген қонақтар» тақырыптарында оқушылар А-3 форматта, гуашь, акварель, аппликация, графика әдістерімен өздерінің жұмыстарын орындап, әділқазылар алқасының назарына ұсынды. Байқауға қатысушы оқушылардың жұмыстарын бағалау үшін қазылар алқасы сайланды олар: Жұмаш Н.Ы. БКМ-нің директоры , С. Байтереков атындағы саз мектебі директорының міндетін уақытша атқарушы: Семёнова Е.В., «Жас туристер стансиясы» директоры: Шамекенова М.Д, БКМ директорының ОЖЖ орынбасары: Карибаев А.М.
Қазылар алқасы байқауға қатысқан оқушылардың жұмыстарын көріп, жас ерекшеліктеріне қарай 3-топқа бөліп жеңімпаздарды анықтады. Жеңімпаз оқушылардың жұмыстарын мектептің сурет көрмесіне орналастыруға лайықты деп шешті.
Дайындық тобының оқушылары:
І-орын Зарипбаев Эмиль 8-жаста жетекшісі: Аширметова К.К.
ІІ-орын Низамова Динара 9-жаста жетекшісі: Аширметова К.К.
ІІІ-орын Серік Айару 8-жаста жетекшісі: Аширметова К.К.
10-12 жас аралығындағы байқаудың жеңімпаздары:
І-орын Асқарқызы Жайна жетекшісі: Абдуллаева Н.А.
ІІ-орын Литвинова Злата жетекшісі: Стальмакова Г. А.
ІІІ-орын Сайдахметова Ширин жетекшісі: Павленко И.В.
13-16 жас аралығындағы байқаудың жеңімпаздары :
І-орын Гуро Александра жетекшісі: Павленко И.В.
ІІ-орын Бахтияр Мұхамедәлі жетекшісі: Умаров У.С.
ІІІ-орын Нарзуллаева Дария жетекшісі: Павленко И.В.

Жеңімпаз оқушылар Кентау балалар көркемсурет мектебі ЮНЕСКО-клубы әкімшілігі атынан арнайы Дипломдармен, байқауға қатысқан оқушылар қатысушы сертификаттарымен марапатталды.

Ссылка на отчетное видео

Социальные сети

Казахстанская Национальная Федерация Клубов ЮНЕСКО
© 2022