Достар, баршаңызға жаңа 2022 жыл құтты болсын!
Өздеріңіз білетіндей, ЮНЕСКО клубтары қозғалысының идеясы бейбітшілікті, мейірімділікті және төзімділікті тарату болып табылады. Осы қағидалардың жарқын мысалы ретінде «Жылды жақсылықпен баста!» республикалық акциясын айта аламыз.
Естеріңізге сала кетейік, осы акция Аса ауылындағы ЮНЕСКО-ның “Айналайын” Клубында бастау алған болатын. Дәстүрлі түрде, олардан үлгі алған ЮНЕСКО-ның әрбір Клубы өз қаласында, ауылында және облысында қайырымдылық шараларды өткізе бастады.
Осы орайда, ЮНЕСКО-ның барлық Клубтарын және олардың әрбір мүшесін «Жылды жақсылықпен баста!» акция аясында аймағыңыздағы ЮНЕСКО Клубтарымен бірге қайырымдылық шараларын жүзеге асыруға шақырамыз.
2022 жылдарыңыз игі істермен басталсын!