Қазақстанда жаңа туристік маршруттар ашылды
«ЖАСТАР ЖӘНЕ МҰРА: БІЛУ, БӨЛІСУ ЖӘНЕ САҚТАУ»
республикалық оқыту-тәжірибелік жобасы өз мәресіне жетті

«Бізбен бірге Қазақстанды аш!» – дәл осы ұранмен Қазақстанда тұрақты туризмді дамыту мен мәдени мұраны сақтау саласындағы жастарға арналған алғашқы жоба бастау алған болатын.
Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы 2021 жылдың 21 қазанында Алматыда «Алматы БасЖоспар» ғылыми-зерттеу орталығының ғимаратында «Жастар мен мәдени мұра» жобасының ресми жабылу салтанатын өткізіп, жобаның қорынытындысын жариялады.
Ресми марапаттау сәтіне жобаға қатысқан 178 топтың ішінен үздік деп танылған Қазақстанның әр аймағынан жеңімпаз деп танылған 12 үздік топ шақырылған болатын.
Жеңімпаздар арнайы дипломдарымен марапатталды. Сондай-ақ әр топ жобаның басты сыйлығы, қайталанбас «Киелі оңтүсітк» мәдени-танымдық бағдарламасына қатысу мүмкіндігін ұтып алды. болды. «Киелі оңтүстік» – Қазақстанның мәдени және табиғи мұрасы бай жерлері бар еліміздің оңтүстік өңірінде оналасқан үш қала кіретін танымдық саяхат. Сапар 22-24 қазан аралығында Шымкент, Түркістан және Тараз қалаларын қамтыды. Саяхат барысында бай тарихымыз бен мәдениетіміздің маңыздылығын ұғындырған айбынды ескерткіштер мен киелі жерлерді алғаш рет көрген барлық қатысушылар естен кетпес естеліктерге ие болды. Көптің көңілінен шыққан көне ескерткіштердің бірі – мәдени-тарихи мұраның еліміз үшін ауқымдылығымен және маңыздылығымен таң қалдырған Қожа Ахмет Ясауи кесенесі. Керуен жолдарының қиылысында орналасқан, сауда мен мәдениет алмасудың орталығы болған ең көне Отырар қаласы да жүректен орын алды. Жолсеріктің аңыз-әңгімесі арқасында барша тыңдарманның жүрегін елжіреткен атақты Айша-Бибі кесенесі де ерекше әсер сыйлады. Сондай-ақ, қыр-сыры осы уақытқа дейін ашылмаған Ақыртас қирандылары да жұмбақ тығымен таң қалдырды.
Бұл жоба ЮНЕСКО-ның, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросының, ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО бойынша Ұлттық Комиссиясының және «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының қолдауымен жүзеге асырылды. Жоба жастар арасында Қазақстанның мәдени және табиғи мұрасын насихаттауға, оны қорғауға, танытуға деген құлшыныстарын оятуға бағытталған.
3 адамнан тұратын Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 178 топ жобаның 5 күндік білім беру бағдарламасына қатысуға мүмкнідік алды. Олар тұрақты туризм саласындағы сарапшылардан, гидтер мен экскурсия жүргізушілерінен, еліміздің жетекші туристік фирмаларының иелерінен және туристік блогерлерден дәріс алды. Бағдарламаның арқасында қатысушылар ой -өрісін кеңейтіп, жаһандық және жергілікті мәдени және табиғи мұра туралы көбірек білімдерін арттырып, әңгімелеу мен мобильографияның негізімен танысып, туристік маршруттар мен карталарды құрастырып үйренді.
Білім беру бағдарламасы аяқталғаннан кейін топтар тәжірибелік тапсырмаларды орындауға, атап айтқанда, туған жерінде туристік маршруттарды дайындауға кірісті. Қатысушылар өздерінің инновациялық және шығармашылық идеяларын пйдалану арқылы еліміздің мәдени және табиғи мұрасын сақтау және насихаттауға бағытталған тұрақты туризмнің дамуына әкелетін туристік маршруттар құруы керек еді. Ең бастысы -жергілікті жастардың жобаларға қатысу белсенділігін арттырып, туған қлкелерінің сұлулығымен меда құралдар арқылы паш етуге ынталандыру.
«ЖАСТАР ЖӘНЕ МӘДЕНИ МҰРА» ЖОБАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ВЕБИНАРЛАР

Қараша айының соңында «Жастар және мәдени мұра» жобасы бойынша әзірленген барлық маршруттар қосылған телефонға арналған қосымша (приложение) іске қосылады. Бұл қосымша жергілікті және шетелдік туристерге Қазақстанның жаңа қалалары мен аудандарын ашуға көмектеседі. Қосымшаның басты айырмашылығы – кез келген адам арнайы гидсіз дайындалған маршруттарды өте алады. Сондай-ақ, жергілікті тұрғынмен серуендегі келсе, осы маршруттардың авторларына хабарласып, көмегіне сүйене алады.


ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ПІКІРІ
«Мен өмірімде бірінші рет осындай ауқымды жобаға қатыстым. Алған ісерімді тек жақсы деп бағалай аламын. Ең қажетті, сұрыпталған, тек керек ақпарат берілді. Артық ештеңе жоқ. Өз саласының мамандары әр тақырыпты анық түсіндірді. Бізге көптеген ұсыныстар берілді. Бізге жарнамалық бейнелер мен аудиогидтерді құруға көмектескен құралдар ұснылды. Мысалы, мен өз жұмысымда бейне мен аудио жасауға кеңес берген қосымшаларды қолдандым. Бұл жоба мен үшін өте пайдалы болды, себебі мен туризмді дамытуға үлес қоса алатынымды білдім. Оның жолын да таптым. Мен туып -өскен және осы күнге дейін өмір сүріп келе жатқан жер – Күршім аймағы. Таңғажайып пейзаждар, таза ауа, флора мен фаунаның алуан түрі кездеседі. Жергілікті тұрғындар жер бетіндегі MARS бөлігі деп атайтын керемет жер – Киін -Керіш біздің ауданда орналасқан! Қарасаң көз тоймайтын табиғатқа бөленгіңіз келсе, бізге келіңіз.»
Карапетян Ляззат Манарбекқызы, Күршім ауылы
«Бұл жоба бізге мәдени Қазақстанға бас сұғуға мүмкіндік берді. Сәулетті ғимарттар, ескерткіштер, театрлар мен мұражайлар, осының бәрі біздің еліміздің тарихын көрсетеді. Тарихи мұрамызды мақтан тұтамын. Еліммен және осында өмір сүрген ұлы адамдармен мақтанамын. Бұдан басқа , «Жастар және мәдени мұра» жобасына қатысу маған аудиожазбаларды жасауды, маршрут құруды және видеогидтерді түсіруді үйретті. Мен жаңа білім алып, үлкен тәжірибе жинадым.»
Никитина Алина Сергеевна, Петропавл қаласы
Бізге жобаға қатысуға және «Киелі оңтүстік» сияқты керемет саяхатқа баруға үлкен мүмкіндік берген барлық жандарға рахмет айтқым келеді. Бұл саяхатты өз туған күнімнен де асыға күттім десем де болады. Бекер емес екеніне көзім жетті. Қуаныштымын.
Саяхатымыздың мәнді әрі қызықты болуына үлес қосқан жолсерігіміз Лариса Алиевнаға лағыс айтқым келеді. Білгенімен қуана бөлісіп, жігерлендіріп, бастаған ісімізді одан әрі дамытуға ынталандырған сөздері ерекше есте қалды. Саяхатқа қосылған әрбір орын шынымен керемет, энергиясы өзгеше. Сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, әдемі және жұмбаққа, сырға толы. Кең байтақ жер де, самал жел де анымызды бір рахатқа бөледі. Бір жылға жететін энергия алғандаймын. Осы бір саяхаттан естен кетпес әсерлер, ұмытылмас эмоциялар мен көп сурет алып кеттік. Жоба керемет және ол туралы барлығы білуі керек деп есептеймін. Әр жақтан келген өзіміз қатар жастармен де танысып, ой бөлісіп, ортақ құндылықтарымыз туралы пікір алмасқанымыз да үлкен тәжірибе. Дсотарымның көбейгеніне қуаныштымын.
Төлеуқұл Мадина Дәулетқызы, Қордай қаласы


