Жеңімпаздар арнайы дипломдарымен марапатталды. Сондай-ақ әр топ жобаның басты сыйлығы, қайталанбас «Киелі оңтүсітк» мәдени-танымдық бағдарламасына қатысу мүмкіндігін ұтып алды. «Киелі оңтүстік» – Қазақстанның мәдени және табиғи мұрасы бай жерлері бар еліміздің оңтүстік өңірінде оналасқан үш қала кіретін танымдық саяхат.
Жеңімпаздардың видео-гидтерін биодағы сілтеме арқылы көруге болады.
Бұл жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросы, Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының қолдауымен, және «Kazakh Tourism» ҰК АҚ ЮНЕСКО-ға қатысу бағдарламасы аясында жүзеге асырылып, жастар арасында Қазақстанның мәдени және табиғи мұрасын насихаттауға бағытталған.
Қараша айының соңында «Жастар және мәдени мұра» жобасы аясында әзірленген барлық маршруттарды қамтитын қолданбасы іске қосылады. Бұл қосымша жергілікті және шетелдік туристерге арнайы гидтің сүйемелдеуінсіз Қазақстанның жаңа қалалары мен аудандарын зерттеуге немесе осы маршруттардың авторлары болған қамқор жас жігіттермен байланысуға, аймақты сөзбен және көзқараспен зерттеуге мүмкіндік береді.