«Жастар және мәдени мұра: білу, бөлісу және сақтау» жобасының нәтижелері

«Жастар және мәдени мұра: білу, бөлісу және сақтау» жобасының нәтижелері

Мәдени және табиғи мұраны сақтау мәселесі жекелеген елдерге ғана емес, жалпы адамзатқа қатысты. Көрнекті әмбебап құндылығы бар табиғи және мәдени ескерткіштерді сақтау планеталық деңгейде өзара түсіністік пен ынтымақтастықты қажет ететіні сөзсіз.

«Жаһандық деңгейде ойла, жергілікті деңгейде әрекет ет!» тіркесі бүгінде кең таралып, әркімнің өз үлесін қосу мүмкіндігінің бар екендігін есіне салады.

ЮНЕСКО жастарды әлеуметтік өзгерістер мен инновациялардың көшбасшылары ретінде қабылдайды. Әртүрлі мәдени бағдарламалар мен ресурстар арқылы ЮНЕСКО жастарға өз мүмкіндіктерін жергілікті және жаһандық деңгейде көрсетуге және оны әр түрлі бағдарламалар арқылы адамзаттың игілігіне қызмет етуге мүмкіндік береді.

«Жастар және мұра: білу, бөлісу, сақтау» республикалық оқу -тәжірибелік жобасы еліміздің ең озық жастарының басын біріктірді.

Жобаға Қазақстанның түкпір -түкпірінен 3 адамнан тұратын 178 команда қатысты.

Жастар мәдени және табиғи мұраларды қорғауға және сақтауға белсенді қатыса алуы үшін оларда бұл объектілердің құндылығы, мәселелері мен қиындықтары туралы түсінігі болуы керек. Осы мақсатта олардың Бүкіләлемдік мұра саласындағы білімі мен түсінігін арттыруға, сарапшылармен өзара әрекеттесуге және мұраны қорғау мен насихаттауға жастарды тереңірек тартуға мүмкіндік туғызатын бес күндік білім беру бағдарламасы ұйымдастырылды.

Алған білімдерін іс жүзінде қолдану және туған жердің өміріне қатысу белсенділігін арттыру үшін «Жастар және мәдени мұра» республикалық туристік маршруттар байқауы ұйымдастырылды.

Жарысқа 60-қа жуық команда қатысты, олардың 35-і байқау шарттарын толық орындап, туристік маршруттарды әзірледі, жарнамалық бейнелер жасап, аудиогидтерді жіберді.

Қазақстан – бай тарихы, қайталанбас табиғи және мәдени мұрасы, бірегей қалалары мен халқы бар ел. Әрбір аймақ, қала, әр көше немесе соқпақ жол өзінің атмосферасымен, оқиғаларымен және өзіне ғана тән ерекшеліктерімен таң қалдырады.

Бізбен бірге Қазақстанды аш! Дәл осы ұранмен байқау қатысушылары 35 жаңа маршрут құрастырып, өз өлкесінің сұлулығымен, даралығымен бөлісті.

Құзыретті қазылар алқасының шешімімен маршруттары ең қызық және бірегей 12 жеңімпаз команда анықталды.

Жеңімпаздар тізімі

Наименование маршрута

Наименование области, района, города, села

1

Ожившие улочки старого города

г. Павлодар

2

Алтай – дело тонкое

Восточно-Казахстанская область, Катон-Карагайский район, село Катон Карагай

3

Баянауыл аңыздарының ізі

г.Павлодар

4

Тулгалар тугыры

Жамбыльская область, г. Қордай

5

Пешком по Есилю

г. Нұр-Султан

6

Вечная память

Амолинская область, город Ақкөл

7

Культурно-исторический маршрут

г. Петропавловск

8

Жидебай-Бөрілі қорық музейі

г. Семей

9

Каркаралинск

Карагандинская область, город Каркаралинск

10

Қызылорданың тарихі жерлері

г. Кызылорда

11

Медео-пик Фурманова

г. Алматы

12

Маркокольский природный заповедник

г. Усть-Каменогорск

Серіктестер: ЮНЕСКО-ның Алматыдағы кластерлік бюросы, Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясы, Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік мұра Ұлттық комитеті, «Kazakh Tourism» ҰК АҚ.