«GLOBAL NOMADS FASHION AWARDS» – бұл цифрлық көшпенділер ұғымын түсінетін, өзін солардың қатарына жатқыза алатын, шығармашылық ойлауға ұмтылатын белсенді дизайнерлерге арналған алаң.
Байқаудың басты тақырыбы – өткеннің, бүгін мен болашақтың призмасынан қарастырылатын заманауи көшпенді.
Байқауға ТМД елдерінен 16 жастан 35 жас аралығындағы дизайнерлер, тоқыма суретшілері, графикалық дизайнерлер, цифрлық дизайнерлер және шығармашылық индустрияның басқа шеберлері қатыса алады.
Қатысу тегін.
Жұмыстар бес номинация бойынша қабылданады:
- Сандық сән;
- Саяхатқа арналған заттар жиынтығы;
- Көше стилі;
- «Футболкалардың дизайны»;
- «Аксессуарлар мен сувенирлер».