Біз сізді, қымбатты досым, жылды игі істерден бастауға шақырамыз! Мәселен, Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы өз үлгісінде #ЖылдыЖаксылықтанБаста қайырымдылық акциясын бастады.
ЮНЕСКО Клубтарының миссиясы – еліміздің жас ұрпағының дамуына тікелей қатысу, әлеуметтік мәселелерді шешу, мейірімділік, адамгершілік идеяларын ұстану, оған көмекке мұқтаж жандарға көмек көрсетуге үнемі ұмтылу. Жыл сайын біз өзара көмекке мұқтаж балалар үшін шығармашылық әлеуетті дамытуға арналған қызықты шебер-сағаттар өткіземіз, бұл жолы біз «Береке» Қоғамдық қорына қонаққа бардық.
Жақсылықпен бөлісіңіз, ол сізге оралады! Шебер-сағатта балалар жүннен тоқу техникасын үйренді, оны шеберлер, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мектеп-интернаттың колледжінің үздік маман-педагогтары үйретті. Сәндік-қолданбалы өнер бойынша шебер-сағат қатысушылары өздері алма жасап, оларды бірлік пен өркендеудің үйлесімді белгісі ретінде ағашқа іліп қойды.