Қызметі

Басты миссиясы – ЮНЕСКО идеалдарын, ең алдымен, бейбітшілікті, төзімділікті, ізгілікті насихаттау, сондай-ақ бейбітшілік идеяларын тарату үшін жауапкершілікті сезіну.

Міндеттері:

·     Нәсілдік, жыныстық, ұлттық, тілдік немесе діни негіздер бойынша мәдени теңдікті қамтамасыз ету үшін бүкіл әлем халықтарының әділеттілігін, заңдарын, адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын одан әрі жалпыға бірдей сақтау мақсатында білім, ғылым және мәдениет арқылы ынтымақтастық қағидаттарына негізделген бейбіт қоғамның дамуына жәрдемдесу;

·  ЮНЕСКО-ның ұлтаралық қарым-қатынас саласындағы мұраттары мен қағидаттарын әртүрлі мәдени көзқарастағы адамдар арасындағы өзара түсіністікті арттыру үшін тарату;

·       ғылым мен техниканы бейбіт мақсатта, адамзат игілігі үшін пайдалануды насихаттау;

·     балалар мен жастарды белсенді өмірлік ұстанымы бар өз елінің нағыз азаматтары етіп тәрбиелеу.

Қазақстанның ЮНЕСКО Клубтарының 3-ші Көркемсурет академиясы, 2018, Алматы, Қазақстан

Алғашқы Қазақстандық ЮНЕСКО Клубы мәртебесі 2005 жылы Ә.Қастеев атындағы Алматы бейнелеу өнері және техникалық дизайн мектебіне берілді, ал Алматы, Астана, Павлодар, Петропавл, Шахтинск және Шымкент қалаларында орналасқан 6 ЮНЕСКО Клубының негізінде 2009 жылдың сәуірінде Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы құрылды. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында 155 ЮНЕСКО Клубы жұмыс істейді және мүшелерінің жалпы саны 14 000 адамнан асады.

Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы Қазақстан аумағында ЮНЕСКО бағдарламаларын насихаттау және дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізеді. Федерация жұмысының маңызды бағыты – басқа елдердегі ұлттық федерациялармен, Клубтармен, ЮНЕСКО Орталықтарымен және Қауымдастықтарымен әріптестік байланыстар орнату болып табылады. Олармен байланыс ЮНЕСКО-ның қызмет спектріне кіретін мәселелер бойынша білім беру және тренинг бағдарламалары мен семинарларын, сондай-ақ балалар, жастар мен ересектер арасында кәсіби, ғылыми және мәдени тәжірибе алмасу жобаларын жүзеге асыру арқылы жүрргізіледі.
"Балалар әлем ырғағында" фестивалінің финалы 10 Қазан 2017 ЖЫЛ, Алматы, Қазақстан