ЮНЕСКО Моделіне өтінімдер қабылдау жүріп жатыр

Бірінші халықаралық ЮНЕСКО Моделіне

өтінімдер қабылдау жүріп жатыр

Қазақстандық ұлттық ЮНЕСКО клубтарының Федерациясы Бірінші халықаралық ЮНЕСКО Моделіне өтінімдерді қабылдау жүріп жатқандығын хабарлайды.

Бұл Модельдің маңыздылығы және айрықша ерекшелігі ретінде оның жоғары мәртебеде ұйымдастырылуын атап өтуге болады. Биыл алғаш рет ЮНЕСКО Моделі халықаралық деңгейде және ЮНЕСКО-ның қоластында өткізілмек.

ЮНЕСКО Моделі Федерацияның ең ірі жобаларының бірі болып табылатындығын және соңғы үш жылда қалалық деңгейден республикалық деңгейге дейін кеңейіп, бүгінде бүкіл әлем жастарының басын біріктіруге бағытталған дүниежүзілік деңгейде жүзеге асырылу мүмкіндігіне ие болып отырғандығын да айтып өткен жөн.

ЮНЕСКО білім беру саласын реттейтін, халықаралық стандарттарды алға жылжытатын жауапты ұйым болып табылатыны белгілі. Осы орайда ЮНЕСКО Моделі – қатысушылар ұйым аясында өтетін кездесулерді имитациялай отырып, ЮНЕСКО-ға мүше мемлекеттердің өкілдері рөлін атқарады. Осы симуляцияға қатысатын студенттер БҰҰ, ЮНЕСКО жұмыстарымен және мақсаттарымен танысады.

ЮНЕСКО Тұрақты дамудың 4-мақсаты – «Білім беру 2030» іс-әрекеттерге негізделген баршаға инклюзивті және тең сапалы білім мен өмір бойы білім алу мүмкіндіктерін қамтамасыз етуді жүзеге асыруға жауапты. Осыған орай, Бірінші халықаралық ЮНЕСКО Моделінің тақырыбы – Баршаға инклюзивті және қолжетімді білім беру.

Бірінші халықаралық ЮНЕСКО Моделі 40-тан астам елдің жастары үшін инклюзивті және әділ сапалы білімнің маңыздылығы туралы өз пікірін білдіруге мүмкіндік беретін алаңға айналады деп күтілуде.

Модель 3 кезеңнен тұрады: бірінші кезеңде қатысушылар бейне таныстыруларын ұсынады; екінші кезең презентация түрінде «Баршаға инклюзивті және тең сапалы білім беру» тақырыбында әр елдің стратегияларын көрсетуге арналған; үшінші практикалық кезең қатысушылардың сыни ойлауы мен көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамытатын интерактивті талқылаулар ретінде ұйымдастырыладыы. Модельдің нәтижесінде бәріне орындауға міндетті қабамдар көрсетілген  қарар қабылданады.

Өтетін күні: 29-30 сәуір 2022 жыл

Іс-шара онлайн режимде ZOOM платформасы арқылы өтеді.

Модельге қатысу ТЕГІН.

Жұмыс тілі: АҒЫЛШЫН.

Формат: ЮНЕСКО-ға қатысушы елдердің білім министрлерінің кездесуі.

Бірінші халықаралық ЮНЕСКО Моделіне қатысуға Қазақстандық мектептерде, колледждер мен университеттерде оқитын барлық шетелдік оқушылар мен студенттер, сондай-ақ ЮНЕСКО-ға мүше барлық елдердің 16 мен 22 жас аралығындағы жастар өкілдері шақырылады.

Тіркеу сілтемесі 16 наурызға дейін ашық:

Барлық сұрақтар бойынша +7 747 373 8363, +7 777 283 7878, +7700 394 3232 телефондарына хабарласуға болады.