"The Planet of ART-2020" халықаралық фестивалі

Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы Тұңғыш Президент – Елбасы Қоры ынтымақтастығымен “The Planet of ART-2020” Халықаралық фестивальдің өнер цикліне өтінімдер қабылдау басталғанын хабарлайды (2020 ж. 15 ақпаннан бастап 1 шілдеге дейін).
2020 жылы Фестиваль өзінің мерейтойын мемлекеттік және халықаралық деңгейде атап өтуге орай теңдесі жоқ ғалым және ойшыл Әбу-Наср әл-Фараби мен қазақ халқының ұлы ақыны – Абай Құнанбаевты еске алуға арналған.
Балалар шығармашылығы мектептерінің, көркемсурет мектептерінің, көркемсурет студияларының студенттері, серіктес ұйымдардың және бүкіл әлемдегі ЮНЕСКО клубтарының белсенді өкілдері «Екінші мұғалім» – әл-Фарабинің қалыптасуы туралы және қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының шығармалары негізінде өздерінің көзқарастарын көрсетуге келесі номинациялар бойынша бағаланады:
- «әл-Фараби әлемі»;
- «Ізгілікті қаланың көрінісі»;
- «Музыканың үндестігі»;
Абу-Наср әл-Фараби мұраларына арналған номинациялар:
Абай Құнанбайұлының мұраларына арналған номинациялар:
- «Абай жолы»;
- «Өлеңнің мәңгілік әлемі»;
- «Ғибрат сөздердің даналығы».
Байқау қорытындысы бойынша жобаның 150 финалисті анықталады, олар Алматы қаласында өтетін финалға шақыру алады. Оларға білімдік және мәдени бағдарлама ұсынылады. Фестивальдің шарықтау шегі – жоғарыдағы ұмытылмас күндерді атап өтуге арналған ресми іс-шаралар кезінде Франциядағы Қазақстанның Елшілігінде «Ұлы дала ойшылдары» тақырыптық альбомының шығуы және тұсаукесері болмақ. Сонымен қатар, еліміздің барлық аймақтарынан келген финалистерді марапаттау рәсімі аясында Қазақстанның облыс орталықтарында үздік туындылардың жылжымалы экспозициясы өтеді.
Байқау ережелерімен танысу және қатысу сауалнамасын орысша жүктеу үшін осы сілтемені, қазақ тілінде болса осы сілтемені басыңыз.
Хронология
2020
- Фотоальбом
- Видеозаписи
- Пост релиз
- Список победителей и финалистов
2019
- Фотоальбом
- Видеозаписи
- Пост релиз
- Список финалистов