Балалар шығармашылығы мектептерінің, көркемсурет мектептерінің, көркемсурет студияларының студенттері, серіктес ұйымдардың және бүкіл әлемдегі ЮНЕСКО клубтарының белсенді өкілдері біздің бүгінгі заманның қоғамын қалыптасуында өзінің таптырмас ізін қалдырған Жібек жолының тарихи мұрасы туралы өз көзқарастарын келесі номинациялар бойынша көрсетуге шақырылады:
- «Жібек Жолы: Мәдени мұра»;
- «Жібек Жолы: Инновациялар»;
- «Жібек Жолы: Хадықтар достығы»;
Жұмыстарды жіберу:
Қатысушылар салған суреттерінің түпнұсқасын 2022 жылдың 30 шілдеге дейін Фестивальді Ұйымдастыру комитетіне кез келген экспресс, немесе жай поштамен (UPS, DHL, EMS, және т.б.), Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050046, Абай даңғылы, 159, мекенжайы бойыншаь«The Planet of Art» Халықаралық Фестиваль» белгісімен жіберілуі тиіс.
Байқау қорытындысы бойынша 150 жоба финалистері анықталады, олар финалистер мен жеңімпаздардың дипломдарымен марапатталады. Фестивальдің шарықтау шегі «Жібек Жолының мұрасы» тақырыптық альбомын шығару және тұсаукесері болады.
Байқау ережелерімен танысу және қатысу сауалнамасын орысша немесе қазақ тілінде жүктеу үшін астындағы сілтемені басыңыз.