Название мероприятия: «The Planet of ART» Халықаралық фестивальдің іріктеу кезеңі өтті
Дата проведения: 30.04.2023
Цель мероприятия: Бұл жобаның мақсаты – бейбітшілік мәдениеті тұжырымдамасы негізінде бейбітшілік пен келісімді қалыптастыру арқылы балалар мен жастардың шығармашылық әлеуетін жүзеге асыру.
«Оқушылар сарайында» Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтарының Федерациясы ұйымдастырған «The Planet of ART 2023» Халықаралық фестивалінің музыкалық циклінің іріктеу кезеңі өтті. Бұл фестиваль 2023 жылдың ақпан айында ресми бастау алған. Жобаның басты мақсаты – дарынды жастарды анықтау, қолдау, шығармашылық әлеуеттерін қалыптастырып, өзара қарым-қатынасын нығайту.
Алдағы уақытта вокал, аспаптық жанр және хореография бағыттары бойынша өткізілген іріктеу кезеңінің жеңімпаздары анықталып, ақтық сында ел намысын қорғайтын болады. Сондай-ақ, байқаудың іріктеу қорытындысы бойынша финалистер білім беру және мәдени бағдарламадан өту үшін Қазақстанға шақырылады. Балалар тренингтер мен мастер-класстар сериясына қатысуға, ұлттық мәдениетпен танысуға, Қазақстан Республикасының өнер қайраткерлері мен жетекші педагогтарынан ынтымақтастықтың құнды тәжірибесін алуға, ең бастысы – әлемнің түрлі елдерінен жаңа достар табуға мүмкіндік алады.
Биылғы фестивальдің бір ерекшелігі – ұйымдастырушылардың заманауи өнерді насихаттау арқылы жастармен өз тілінде сөйлесуге деген ұмтылысы. Сонымен қатар, Фестиваль қазақстандық композиторлар мен хореографтардың шығармаларын концерттің музыкалық бағдарламасына заманауи интерпретацияда енгізу арқылы насихаттауға айтарлықтай үлес қосады.
Жобаға қатысуға Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түркия және Өзбекстаннан 12 мен 18 жас аралығындағы өздерінің вокалдық, аспаптық және хореографиялық дағдыларын дамытуға ұмтылатын барлық дарынды өкілдер шақырылады. “The Planet of ART 2023” қатысушылары өз елін таныстыра отырып, халықаралық іс-шара алаңында бейбітшілік мәдениетінің жас елшілері ретінде өнер көрсетеді. Байқауға және фестивальдің ақтық бағдарламасына қатысу тегін.
@unescoclubs_kz