Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы «The Planet of ART» халықаралық фестиваліне тіркеу басталғандығын хабарлайды.
Planet of ART – дарынды балалар мен жастарды қолдауға, олардың шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға, фестивальге қатысушы елдердің өнері мен мәдениетінің жан-жақтылығын халықаралық аренада кеңінен насихаттауға, халықаралық мәдени байланыстарды нығайтуға бағытталған жыл сайын өткізілетін жоба.
2022 жылы фестивальдің музыкалық циклі Қазақстандағы Балалар жылына, сондай-ақ БҰҰ-ның Мәдениеттер жақындасуының онжылдығына (2021-2022), ЮНЕСКО клубтары қозғалысының 75 жылдығына, Қазақстанның БҰҰ мен ЮНЕСКО-ға қосылыуның 30 жылдығына және «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын жылжытуға бағытталған.
Фестивальге бейбітшілік пен татулық тақырыптарының таңдалуы бекер емес. Оған себеп – бір аспан астындағы түрлі халықтардың, этностардың бір біріне деген сыйластықта, тату-тәтті өмір сүруі арқылы қол жеткізуді көздейтін Қазақстан үшін де, ЮНЕСКО үшін де маңызды болып келетін достық пен келісім идеясы.