The Planet of ART – дарынды балалар мен жастарды қолдап, олардың шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға, сонымен қатар фестивальге қатысушы елдердің өнері мен мәдениетінің жан-жақтылығын халықаралық аренада кеңінен насихаттауға, халықаралық мәдени байланыстарды нығайтуға бағытталған жыл сайынғы алаң.
Фестивальдің 2022 жылғы музыкалық циклі Қазақстандағы Балалар жылы мен БҰҰ-ның мәдениеттер жақындасуының онжылдығына (2021-2022), Қазақстанның БҰҰ мен ЮНЕСКО-ға мүше болуына 30 жылдық мерей тойына, ЮНЕСКО клубтары қозғалысының 75 жылдығына, «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын насихаттауға арналған.
Сонымен, Фестивальдің басты тақырыбы – Қазақстан үшін де, ЮНЕСКО үшін де басымдық болып табылатын, бір аспан астындағы түрлі халықтардың, этностардың бір-біріне терең құрмет сезімімен бейбіт өмір сүру арқылы қол жеткізілген бейбітшілік пен келісім идеясы.