“Тұрақтылықтың бастауы – өзіміз”

“Тұрақтылықтың бастауы – өзіміз” – Қазақстандық ЮНЕСКО Клубтар Федерациясы Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросы және «ECOJER» Қазақстандық Экологиялық Аймақтық Бастамалар Қауымдыстығымен бірігіп бастап жатқан жаңа жобаның атауы және ұраны.

«ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ БАСТАУЫ – ӨЗІМІЗ» республикалық өзгеру марафоны өмір сүру салтында тұрақты өзгерістердің орын алуын қамтамасыз етуге қабілетті және қатысушылардың менталды және физикалық денсаулығына, дұрыс тамақтану мен мінез-құлқына деген жаңа көзқарасты дамытуға бағытталған. Жобаға қатысушылар 30 күн бойы сапалы ұйқы философиясы, дұрыс тамақтану қағидалары, дене белсенділігін енгізудің маңыздылығы, психикалық денсаулықты сақтау қажеттілігі, қоршаған ортаны таза күйінде сақтау және саналы түрде тұтыну қағидаттары туралы оқитын болады, сонымен қатар, алған білімдерін күнделікті өмірде қолданып, өзінің әлеуметтік және азаматтық белсенділігін арттыруды үйренеді.

Қатысушыларды оқыту үшін оқыту дәрістері мен шеберлік сыныптарынан тұратын 20 вебинар ұйымдастырылады (5 – менталды денсаулық, 5 – физикалық денсаулық, 5 – дұрыс тамақтану, 5 – қоршаған ортаны қорғау және саналы тұтыну). Әрбір өтілген тақырыптан кейін бағдарламаға қатысушылар алған білімдерін нығайту және өз әлеуетін дамыту үшін жетекші-сарапшылар берген тәжірибелік тапсырмаларды орындауы тиіс болады.

Жоба кезеңдері:

I кезең (15 тамыз – 12 қыркүйек 2021 ж.): жобаның басталуын ресми хабарлау, жобаға қатысуға өтінімдерді қабылдау;

II кезең (13 қыркүйек – 10 қазан 2021 ж.): жобаның басталуы, жобаның оқыту бөлімін жүргізу – вебинарлар, сарапшылармен онлайн-кездесулер, қатысушылардың тәжірибелік тапсырмаларды орындауы;

III кезең: салауатты өмір салты және экологиялық сананы тәрбиелеумен бірге тұрақты даму тұжырымдамасын ары қарай насихаттауға бағытталған оқыту қосымшасын жасау.

IV кезең: жобаны аяқтау, қорытындылау.

Тұрақты дамуға бағытталған оқыту дегеніміз әлеуметтік және экологиялық даму және барлық қауымдастықтардың теңдігі мәнмәтінінде қолайлы болашақты қамтамасыз ету үшін қажетті шешімдерді қалай қабылдауды үйрету үдерісін білдіреді.

Жобада кездескенше!