«Тұрақты жол» ұлттық әлеуметтік эконауқанын іске қосуға арналған брифинг

"Тұрақты жол" ұлттық әлеуметтік эконауқанын іске қосуға арналған брифинг

20 сәуірде «Тұрақты жол» ұлттық әлеуметтік эконауқанының басталуына орайластырылған брифинг өтті.

«Тұрақты жол» – бұл өскелең ұрпаққа мәдени, адамгершілік және экологиялық құндылықтарды сіңіру арқылы туған өлкеге ұқыпты қарауды тәрбиелеуге бағытталған білім беру бағдарламасы. Бұл бастаманы Алматы қаласы әкімдігінің және жобаның бас серіктесі – ЦентрКредит Банкінің қолдауымен Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтарының Федерациясы Алматы қалалық іскер әйелдер қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастыруда.

Соңғы үш жылда сәтті жүзеге асырылған («Мен қалдырған эко-із», «Тұрақтылықтың бастауы өзіміз» және «Green Step») сынды экожобалардың жалғасы бола отырып, 2023 жылғы бағдарлама өзінің айрықша ерекшеліктерімен және жаңа формада жүзеге асқалы отыр.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жобаның маңыздылығы – экология саласындағы инновациялық идеялар мен стартаптар Фестивалін өткізуде, онда іріктелген және онлайн оқытудан өткен үздік 10 команда ағымдағы жылдың тамыз айында Алматы қаласында өтетін конкурстық идеяларды іске асыруға бағытталатын жалпы 10 миллион теңге көлеміндегі жүлде қорына күресу үшін жиналтын болады. ЦентрКредит Банкінің тәуекел-менеджмент орталығының басқарушы директоры Клара Эргашевна Эрмакбаеваның айтуынша: «ЦентрКредит Банкі ESG-стратегиясына қарай дамуда және бізге осындай жобаларды қолдау маңызды. Бизнес пен қоғамдық ұйымдардың бірлескен экологиялық бастамалары қазақстандықтар үшін неғұрлым орнықты болашақ құруға көмектеседі».

Осы бағдарлама шеңберінде экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен 23 сәуірде Алатау ауданында Халықаралық Жер күніне орайластырылған ағаш отырғызу акциясы өтеді. Содан кейін, 4 маусымда ЮНЕСКО – Іле-Алатау ұлттық паркінің биосфералық резерватында жаһандық сенбілік ұйымдастырылады, ол өз өлкесін таза етуге атсалғысы келетін жүздеген жастарды біріктіреді деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, «Тұрақты жол» эконауқаны аясында 2023 жылдың күзінде еліміздегі өскелең ұрпақтың шығармашылық дағдыларын ашу мақсатымен көркемсурет байқауы, ал ісін жаңадан бастаған және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлерге өз кәсіптеріне ESG компоненттерін енгізу арқылы орнықты дамуға қол жеткізуге бағытталған дөңгелек үстел ұйымдастырылатын болады.

Алматы қалалық іскер әйелдер қауымдастығының төрағасы Наталья Мұхамеджанова: «Бұл эконауқанның басты мақсаты – әрбір адамды, яғни әр отбасыдан бастап мектептер мен кәсіпорындарға дейін қоршаған әлемді көгалдандыру және жақсарту процесіне тарта отырып, экологиялық мәдениетті дамыту арқылы өскелең ұрпақты тәрбиелеу», – деп атап өтті.