✍️»Суретші-аниматор» үйірмесінің шеберлік сағаты өтті

Қазақ ертегілері арқылы балалар анимация, мультфильм салуды үйрету

Название мероприятия: ✍️»Суретші-аниматор» үйірмесінің шеберлік сағаты өтті
Дата проведения: 23.04.2023
Цель мероприятия: Қазақ ертегілері арқылы балалар анимация, мультфильм салуды үйрету

?«Оқушылар сарайындағы» суретшілер мен аниматорлар шығармашылығын шыңдайтын ерекше үйірмеде шеберлік сағаты өтті. «Қазақ халық ертегілері» тақырыбында ұйымдастырылған сабақта ертегі туралы жалпы мағлұмат беріліп, бұл жанрдың бала санасына әсері сөз болды. Сонымен бірге, балалар сөзжұмбақ шешіп, петр мата, қағаз, маркер, магнит және телефон арқылы тақтада анимация жасады.
Мұндағы мақсат – атадан балаға мұра болып келе жатқан қазақ ертегілерін өскелең ұрпаққа насихаттап, ұлттық құндылықты қастерлеуге баулу және ертегі арқылы тәрибе беру. Тиісінше, бұл құндылықтарды бойына сіңірген бала ертеңгі күні білікті маманға айналып, тұлға ретінде қалыптаспақ.
@unescoclubskz

Ссылка на отчётное видео