ҚР ЮНЕСКО Клубтарының елшісі

Қоғамдық маңызы бар жұмыстарды жүзеге асыратын және қоғам үшін белсенді азаматтық позициясы мен пікірі бар көрнекті қоғам қайраткерлері Қазақстандағы ЮНЕСКО Клубтарының елшісі бола алады. Елші ЮНЕСКО құндылықтарын насихаттайды, Қазақстандағы ЮНЕСКО Клубтарының миссиясы, мақсаттары мен міндеттері туралы хабардарлығын арттырады, қоғам арасында клубтық қозғалысты кеңінен насихаттауға ықпал етеді.

 

Қазақстандағы ЮНЕСКО Клубтарының елшісі құрметті мәртебесінің алғашқы иесі өзінің ерекше дауысымен миллиондаған тыңдаушылардың жүрегін жаулап алған Данэлия Тулешова болды. 

Бұл тарихи оқиға 2019 жылдың 9 қазанында Қазақстандық Ұлттық ЮНСЕКО Клубтарының Федерациясының Республикалық есеп беру-сайлау конференциясы аясында болды.

Қазақстандағы ЮНЕСКО Клубтарының елшісі Данэлия Тулешованың мәртебесін табыс ету, 9 қазан, 2019 ж. Алматы, Қазақстан.

Галерея

Құжаттар