Қайырымдылық операция «Жаңажылдық сыйлық»

балалар мен ересектерді қоғамдық маңызды істерге қосуда қалалық оқушылар Сарайы, мектеп, «Жас Ұлан» ББЖҰ, отбасы бірлесе жүргізілетін қайырымдылық қызметті жандандыру.

Название мероприятия: Бірлесе жүргізілетін қайырымдылық қызметті жандандыру
Дата проведения: 05.01.2022
Цель мероприятия: балалар мен ересектерді қоғамдық маңызды істерге қосуда қалалық оқушылар Сарайы, мектеп, «Жас Ұлан» ББЖҰ, отбасы бірлесе жүргізілетін қайырымдылық қызметті жандандыру

Биылғы оқу жылында 24 желтоқсан 2021 ж. қалалық оқушылар Сарайының жоспарына сәйкес «Жаңажылдық сыйлық» дәстүрлі қайырымдылық операциясының ұйымдастырылуы басталды. Ұйымдастырушылар: қалалық оқушылар Сарайының педагогтары, мектеп оқушылары мен аға тәлімгерлер, қалалық «Жас Ұлан»  балалар мен жасөспірімдер ұйымының  мүшелері, ата-аналар. Қалалық операцияға  Ақтөбе қаласының 36 мектептерінің «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының мүшелері, оқушылары  мен  аға тәлімгерлер қатысты. Шаралардан жиналған қаражатқа әртүрлі сыйлықтар сатып алынды. Олар: үстел, дамытушылық, танымдық ойындар, ойыншықтар, керекті гигиеналық құралдар, киімдер, жаялықшалардың қаптамасы, қоспалар, балаларға арналған тағамдар, кеңсе, төсек-орын жабдықтары т.б.

Сыйлықтар мен қаржылай көмекті «Аяла» өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы тәрбиеленушілеріне, «Әлеуметтік жәрдем орталығында», тіркелген балаларға, «Көпбалалы аналардың  қауымдастығы», «Ана үйі», «Добро» еріктілер қозғалысы, «Дети Солнца Актобе» еріктілеріне, ҚОС, мектептердің ерекше балаларына, ауруға шалдыққан адамдарға табысталды.

Әр бала, ересектер жаңа жылда сыйлық алып, өзін сүйікті сезінсе-адамдарды бақытты қылуда сәтті қадам деп есептуге болады. Біздің қатусышылар қасыңда тұрып жатқан бейтаныс достарыңа өз жүрек жылуларыңмен бөлісіп, мерекелік көңіл-күй сыйлау білді.

Алдағы уақытта да «Мейірімді істі өзгеден күтпе, оны өзің жасай біл!» ұранымен ауқымды шаралар ұйымдастырылып, «Жаңажылдық сыйдық» қайырымдылық операциясы жалғасады.

Ссылка на отчетное видео