
21 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде «Әр балаға 70 жыл бойы қызмет» атты Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және ЮНИСЕФ-тің 70 жылдығына орай ұйымдастырылған республикалық балалар шығармашылығы байқауының жеңімпаздары марапатталды.
БҰҰ балалар қоры (ЮНИСЕФ) мен Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтары Федерациясымен ұйымдастрылған жоба балалар құқығын қорғау саласындағы ЮНИСЕФ-тің қағидалары мен идеалдарын, сонымен қатар жастардың өз ойларын сан алуан шығармашылық арқылы дамытуды қолдауға бағытталған.
Дарынды балаларды анықтау және ынталандыруға аса назар аудару арқылы, ұйымдастырушылар еліміздің әр жас азаматына мейірімділік пен түсіністікке негізделген бейбіт қоғамды қалыптастырудың маңыздылығын жеткізуді мақсат етіп қойды.
Жобада 500-ден астам жас суретшілер мен бейне роликердің авторлары қатысты. Нәтижесінже әділ қазылар алғасы келесі жеңімпаздарды анықтады:
1 номинация: «Бала құқықтары» – Жапанов Айболат, 13 жас, Атырау қ.;
2 номинация: «Балаға мейірімді Қазақстан» – Есболғанова Қарлығаш, 15 жас, Тараз қ.;
3 номинация: «ЮНИСЕФ балалар бейбітшілігі үшін» – Манченко Валентина, 16 жас, Ақтөбе қ.;
4 номинация: «Үздік видео ролик» – Габрильян Диана, 14 жас, Шымкент қ.
Балаларды құттықтауға мемлекеттік органдардың, халықаралық құрылымдар мен Қазақстанның өнер интеллигенциясының өкілдері келіп, жеңімпаздарға дипломдары мен құнды сыйлықтарын тапсырды.
Іс-шара барысында ең үздік деген жұмыстардан тұратын «Қазақстанның балалары – әлемнің балалары» атты альбомның тұсаукесері мен көрменің ашылу салтанаты орын алды. Айта кетерлік жайт, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейіне кәсіби суретшілермен қатар, мәдени-ағартушылық қызметі аясында балалар шығармашылығы көрмесін ұйымдастыру дәстүрге айналды. Көрме 2016 жылдың 27 желтоқсанына дейін жалғасады.
Толық ақпарат үшін хабарласыңыз:
Кубеева Бақытгүл +7 707 225 60 50, bakytgul.kazfuca@gmail.com. Музей адресі: Алматы қаласы, Самал-1 ықш. ауд, 44-үй.
















