“THE PLANET OF ART 2023” ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ
Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтарының Федерациясы “The Planet of ART 2023” Халықаралық Фестивалінің музыкалық цикліне өтінімдерді қабылдаудың басталғандығын хабарлайды.

1947 жылы Жапонияда пайда болған Дүниежүзілік ЮНЕСКО клубтық қозғалысының бөлігі болып табылатын Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы 2009 жылғы сәуірде құрылды және Қазақстан Республикасының өскелең ұрпағын қолдау және дамыту арқылы ЮНЕСКО идеалдары мен құндылықтарын ілгерілету бойынша ауқымды жобаларды жүзеге асыруда.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында 182 ЮНЕСКО клубтары жұмыс істейді, олардың мүшелерінің жалпы саны 17000 адамнан асады, олар 17 облыстың 50-ден астам қаласы мен 23 ауылында орналасқан. Ұйым ЮНЕСКО қызметінің үш негізгі бағыттары: шығармашылық білім, мәдени мұра және тұрақты даму аясындағы ірі бағдарламаларды іске асырады.
Біріккен Ұлттар Ұйымы жариялаған Халықаралық Диалог жылын бейбітшілік кепілі ретінде ілгерілетуге арналған “THE PLANET OF ART 2023” Халықаралық фестивалінің келесі музыкалық циклі 2023 жылдың 6 ақпанында ресми түрде бастау алады.
Жоба бағыттары:
- Вокал
- Аспаптық жанр
- Хореография
Өтінімдер 2023 жылдың 15 наурызына дейін қабылданады, ал іріктеу кезеңдері Қазақстанның 17 облыс орталықтары мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларында өтетін болады.
Қосымша ақпарат алу үшін:
+7 700 394 32 32, +7 700 487 76 63 (WhatsApp), art.kazfuca@gmail.com