Пандемия кезінде шығармашылық қабілетін дамыту

Пандемия кезінде шығармашылық қабілетін дамыту

Іс-шараның мақсаты: Пандемия кезінде шығармашылық қабілетін дамыту

2020 жылдың 23 сәуірі мен 11 мамыры аралығында @UNESCO @UNESCORUSSIAN #ResiliART жаһандық кампаниясы өтті: суретшілер мен шығармашылық қызметкерлердің дағдарыстан шығуы.

Бұл бастаманың басты мақсаты – осал балалар мен отбасылардың салауатты дамуын шығармашылық арқылы қолдау.

Акцияға Орталық Азияның төрт елінен 5-17 жас аралығындағы 109 бала қатысты: олардың 90% -ы ерекше қажеттіліктері бар балалар. ⠀ Бұл акцияға қалалық көркемсурет лицейінің екі мұғалімі Бикеев Рахымжан Ақылжанұлы мен Тәженова Лейла Мырзалиевна қатысып, бейнелеу өнері бойынша шеберлік сыныптарын ұсынды.