Название мероприятия: «30 ЖЫЛ БЕЙБІТШІЛІК ЖОЛЫНДА» атты Республикалық сынып сағаты
Дата проведения: 13.05.2021
Цель мероприятия: Қазақстанның 30 жыл ішіндегі бейбіт жолы, еліміздің тұрақты даму тақрыптарына балалалар мен жастардың өз ойын білдіруге мүмкіндік беру, айтулы тарихи оқиғалардың ұмытылмауына және олардың тәрбиелік мәніне назар аудару.
Оқушылар » 30 жыл бейбітшілік жолында» республикалың акциясына үн қосты.
Орал қаласындағы көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернаты ЮНЕСКО клубының тәрбиешілері Қазақстанда Тәуелсіздігіміздің 30-жылдығы мен Семей ядролық полигонының жабылғандығына 30-жыл толуына байланысты ұйымдастырылған республикалық сынып сағаттарын өткізу шарасына үн қосты.
Біздің Қазақстан әлемге бейбіт сүйгіш ел ретінде танылған және 30 жыл тәуелсіздік жылдарында бірнеше дүниежүзілік бастамаларды көтеріп, әлемде бейбітшілікті сақтаудың, орнатудың идеяларын алға тартты.
Осы орайда, Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясының бастауымен ҚР-ның Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Қазақстанның жастарын бейбіт өмірдің құндылығын ұғындыруға, оны бағалауға шақыру, бейбіт өмірді насихаттауға бағытталған республикалық сынып сағатын өткізуге мектеп-интернат оқушылары бірлесе атсалысты.Оқушылар бейбітшіліктің қадірін,ел тыныштығы жөнінде ойбөлісіп,бейне роликтерге өз пікірлерін білдірді. Елімізде тек бейбітшілік болсын! #клубыюнеско #30летнезависимости
#30ЛетНаПутиКМиру
