«YOUTH LEADING FOR PEACE» халықаралық диалогының 2-кезеңі, антиядролық қозғалыс жетекшілерімен тікелей эфирде кездесу

2021 жылдың 14-20 маусымы аралығында Қазақстандық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы, ЮНЕСКО-ның қарамағындағы Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығы, «Невада-Семей» Халықаралық антиядролық қозғалысы, Алматыдағы ЮНЕСКО-ның Кластерлік бюросы және Нұрсұлтан Назарбаев Қоры «YOUTH LEADING FOR PEACE» Халықаралық диалог бағдарламасы аясында «БЕЙБІТШІЛІК ЭСТАФЕТАСЫН ЖАСТАРҒА» ақпараттық-түсіндіру науқасын бастайды. Жоба естен кетпес күннің- Семей ядролық сынақ полигонының жабылуының 30 жылдығына байланысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған.
«БЕЙБІТШІЛІК ЭСТАФЕТАСЫН ЖАСТАРҒА» – бұл Қазақстандағы жастардың дамуына үлес қосу, үлкен өмірлік тәжірибемен, практикалық және теориялық біліммен бөлісу мақсатында ұйымдастырылған «Невада-Семей» Халықаралық Антиядролық Қозғалысының ардагерлерімен, мәселе Абишев М.А., Мустафин А.А., Сембин М.К., Бигалиев А.Б., Куюков К.Т., Жандаулетов В.А., Прус Л.Н., тікелей эфирде кездесіп, жастар сол жылдардағы оқиғаларды дара тұлғалардан естуге мүмкіндік береді.
Қатысушылар: Онлайн кездесулер 7 мен 65 жас аралығындағы барлық адамдар үшін қол жетімді болады.
Кездесудің бейнежазбасы Қазақстандық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясының YouTube арнасында – UNESCO Clubs Kazakhstan, келесі сілтеме бойынша қолжетімді: https://www.youtube.com/c/UNESCOClubsKazakhstan
Қатысу шарттары: тікелей эфирге қатысушы болу үшін сіз сілтеме арқылы тіркелуіңіз керек (кездесу сілтемесі қатысушының электронды мекен-жайына тікелей эфирден бір күн бұрын жіберіледі): https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScQJ3Xpu9BQuqYR-xYhX6M_9bPke83gKN605heSw2si31mZqA/viewform?usp=pp_url
Тікелей эфирлерге тіркелу 2021 жылғы 14 маусымнан 20 маусымға дейін қол жетімді.
Тікелей эфирлер кестесі:
- 21.06.2021, сағат 12:00 (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша) эфир Сулейменов О.О.;
- 22.06.2021, сағат 15:00 (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша) эфир Мустафин А. А., Абишев А.А.;
- 23 маусым, сағат 11:00 (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша) эфир Сембин М. К., Бигалиев А. Б.;
- 24 маусым, сағат 15:00 (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша) эфир Куюков К. Т.;
- 25 маусым, сағат 15:00 (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша) эфир Жандаулетов В. А., Прус Л.Н.;