«Наноспутниктер – болашақтың технологиясы» атты есеп беру сабағы өтті

Наноспутниктерді жасау саласында балалардың білімі мен біліктілігін дамыту

Название мероприятия: ?«Наноспутниктер – болашақтың технологиясы» атты есеп беру сабағы өтті
Дата проведения: 29.04.2023
Цель мероприятия: Наноспутниктерді жасау саласында балалардың білімі мен біліктілігін дамыту

Бүгін «Оқушылар сарайы» -ЮНЕСКО клубында «Физика» және «Спутниктік робототехника және ғарыштық байланыс» үйірмелерінің ұйымдастыруымен «Наноспутниктер – болашақтың технологиясы» атты есеп беру сабағы өтті.

Сабақ барысында білімгерлеріміз осы оқу жылында өздері жасаған жобалар мен жұмыстарды таныстырып, презентация қорғады. Тиісінше, сарапшылардың оң бағасын алған білімгерлеріміз марапатқа ие болды.

Бізді оқушыларымыз белсенділігі, зияткерлігі мен ашықтығы арқылы тәнті етті. Бүгін белсенділік танытып, білімге ұмтылған балалар ертең елімізді дамытатын тұлғаларға айналады деп сенеміз!
@unescoclubs_kz

Ссылка на отчётное видео