Mitsubishi Asian Children ‘s Enikki Festa» халықаралық балалар шығармашылығы байқауы»

Mitsubishi Asian Children 's Enikki Festa" халықаралық балалар шығармашылығы байқауы"

“Mitsubishi Asian Children’s Enikki Festa” Жапондық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтары қауымдастығы, Азия-Тынық мұхитының ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы “Mitsubishi” қауымдастығымен бірге 1990 жылдан бастап  «Mitsubishi Asian Children’s Enikki Festa» халықаралық балалар шығармашылық байқауын өткізіп жатыр. 

Бұл байқау ЮНЕСКО бағдарламасының мәдениет және білім салаларын қолдауға арналған, сондай-ақ, балалар шығармашылығы арқылы ұлтаралық түсіністік пен тәжірибе алмасуды орнатуға және қолдауға бағытталған. 2008 жылдан бастап Қазақстан Республикасы жобаға мүше мемлекет болды. Қазақстанда байқауды ЮНЕСКО-ның Алматы қаласындағы кластерлік бюросы, Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясы, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі және Алматы қаласының әкімдігі қолдайды.

 Жарысқа 6 жастан 12 жасқа дейінгі балалар қатыса алады. Қатысушылар жасаған «ENIKKI» күнделігі бүкіл Азиядағы балаларға біздің елдің мәдениетін, ұлттық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын көрсете отырып, Қазақстандағы құрдастарының өмірі туралы айтуға мүмкіндік береді. Ұлттық іріктеу комиссиясының отырысы нәтижесінде 8 финалист анықталады, олар бағалы сыйлықтармен марапатталады. Әр елден Гран-при иегері Жапониядағы ресми марапаттау рәсімі мен мәдени-білім беру бағдарламасына шақырылады.

Хронология проекта

2019 – 2019

2017 – 2018

2015 – 2016