Іс-шараның атауы: АСПАПТЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚТЫҢ ОНЛАЙН-БАЙҚАУЫ «МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ, СЕНІ ЖЫРЛАҒЫМ КЕЛЕДІ…»
Өткізу күні: 20.03.2021
Іс-шараның мақсаты: – Музыка көлеміндегі дарынды балаларды анықтау;
2021 жылдың 26 ақпанында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған Қазақстандық ЮНЕСКО Клубтары Федерациясының қолдауымен Семей қаласының Балалар өнер мектебінің ұйымдастыруы бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыстық «Менің Қазақстаным, сені жырлағым келеді» аспаптық шығармашылық онлайн-байқауы өтті.
Байқауда Аспапта орындау номинациясы бойынша лицейіміздің 9 «А» сынып оқушысы Төлегенов Айбар Ә.Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйін және 9 «Б» сынып оқушысы Ерлан Есіл М.Аубакировтың «Талас» күйін орындады. Байқаудың шарты бойынша видео youtube арнасына осы сілтемелер бойынша орналастырылды: https://www.youtube.com/watch?v=owdxQ7IymR0, https://www.youtube.com/watch?v=ZkiV00v5qBA .
Байқаудың қорытындысы бойынша Ерлан Есіл ІІ дәрежелі дипломмен және ІІІ дәрежелі дипломмен Төлегенов Айбар марапатталды. Оқушыларымызды жетістіктерімен құттықтаймыз!