«Мен Бейбітшілікті Таңдаймын» сурет байқауының жеңімпаздары

«Мен Бейбітшілікті Таңдаймын»
сурет байқауының жеңімпаздары

«Мен Бейбітшілікті Таңдаймын» халықаралық сурет байқауы 2021 жылдың 12 қыркүйегі мен 31 қазаны аралығында өтті. Аталған байқау БҰҰ жарияланған Халықаралық бейбітшілік пен сенім жылына, Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне, сондай-ақ Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және де Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған.

Ұйымдастырушылары Қазақстандық ЮНЕСКО Клубтарының Ұлттық Федерациясы және «Балапан» телеарнасы болып табылатын аталмыш байқаудың басты мақсаты әлемнің барлық балаларын бейбітшілік пен толеранттылық, достық қарым-қатынас пен ынтымақтастық идеясы төңірегінде біріктіру еді.

Байқауға ТМД-нің барлық аймақтарынан 2845-ге жуық жұмыс жіберілген. Олардың арасынан 217 финалист іріктеліп, ең керемет деген 9 жұмыс таңдалды:

“Елдер тату өмір сүретін әлемді таңдаймын” атты номинация бойынша:

Қайырғали Заңғар, “Тәуелсіз Қазақстаным!” жұмысы, 7 жас, Атырау қ., жетекшісі Касангалиева Альбина Муханбетовна;
Белоусова Регина, «Дружба народов» жұмысы, 13 жас, Екібастұз қ., жетекшісі: Таскараева Айнур Рашидовна;
Бонина Таисия, “Мирный хоровод” жұмысы, 16 жас, Екатеринбург қ., жетекшісі: Савичева Людмила Евгеньевна.

“Мен жарқын болашақты таңдаймын” атты номинация бойынша:

Вотчал Арина, «Мир моими глазами» жұмысы, 8 жас, Екібастұз қ., жетекшісі: Овчинникова Юлия Валерьевна;
Даниярова Эльзара, “Жить дружно!” жұмысы, 13 жас,Өскемен қ., жетекшісі: Чайко Юлия Александровна;
Баймукан Сымбат, “Свет” жұмысы, 16 жас, Алматы қ., жетекшісі: Мукатова Алтынай.

“Мен ядролық сынақтарсыз әлемді таңдаймын” атты номинация бойынша:

Ауелхан Осман, “Мой мир без ядерной войны” жұмысы, 9 жас, Өскемен қ., жетекшісі: Билькова Екатерина Александровна;
Николенко Дарья, “Я выбираю мир!” жұмысы, 11 жұмысы, Өскемен қ., жетекшісі: Артеменко Оксана Петровна;
Бактур Нурай, “Ангел хранитель Земли” жұмысы, 15 жас, Алматы қ., жетекшісі: Мукашов Гани.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Жақын арада біз сіздермен хабарласатын боламыз.