«Ұлы дала аңыздары» байқау жеңімпаздарын құрметтеу

Прививать учащимся интерес к истории Родного края

Название мероприятия: «Ұлы дала аңыздары»
Дата проведения: 02.02.2021
Цель мероприятия: Прививать учащимся интерес к истории Родного края

Мектептен тыс мекемелер арасында ұйымдастырылған
Республикалық «Ұлы дала аңыздары» атты онлайн сурет байқауы
Байқаудың ұйымдастырушылары:
Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтары Федерациясы мен Шымкент қаласының білім басқармасының қолдауымен Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтары Федерациясының Түркістан облысы мен Шымкент қаласының аймақтық өкілдігі, Шымкент қаласы білім басқармасының « Балалар көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО Клубы
20.11.2020 ж. – 02.02.2021ж. аралығында іріктеліп ұйымдастырылған
«Ұлы дала аңыздары» атты республикалық онлайн сурет байқауының мақсаты: өскелең ұрпаққа еліміздің мәдениетін жаңғыртуға өз үлестерін қосуға, өткен тарихқа қызығушылық қалыптастыруға, патриотизмге, толеранттылық пен жаһандық азаматтыққа тәрбиелеуге бағытталған. Оқушылардың ой-өрісі мен көзқарастарын кеңейтіп, шығармашылық қабілеттерін және эстетикалық талғамын дамыту. Ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа біздің ата-бабаларымыз арқылы беріліп келген қазақ халқының тарихы, ертегілері, аңыздарын насихаттау.
Барлық аңыздар Қазақстанның рухани киелі жерлерімен байланысты, бұл бізге олар туралы көбірек білуге мүмкіндік береді. Байқауға мектептен тыс қосымша білім беру мекемелерінің 7-17 жастағы оқушылардың салған суреттері қатыстырылды. Байқауға қазақ халқының ертегілері, аңыз әңгімелері бойынша талапкердің өз қалауымен өзіндік ерекшілігі бар сюжет көрінісінен тұратын шығармалары ұсынылды. Байқау үш жас ерекшелік топтары бойынша: 1.Кіші жас тобы: 7-10 жас аралығында, 2. Орта жас тобы 11-14 жас аралығында және 3. Жоғары жас тобы: 15-17 жас аралығында өткізілді. « Ұлы дала аңыздары » атты балалар шығармашылық байқауына Кентау балалар көркемсурет мектебінен арнайы іріктелініп алынған 17 оқушының А-3 форматта ( акварель, тушь, пастель, гуашь, сия және т.б. ) сурет салу техникасында орындалған жұмыстары қатыстырылды.
Байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздарды анықтауға Қазақстан суретшілер одағының мүшелері және білікті мамандар шақырылды. Олар байқаудың жеңімпаздарын анықтап марапаттауға ұсынды. Кентау балалар көркемсурет мектебінен байқауға қатысып : І-орын Бахтияр Мұхамедәлі ( жетекшісі: Умаров У.С.) , ІІІ-орын иегерлері Айтбек Назгүл ( жетекшісі: Умаров У.С.), Нарикбаева Ақбота ( жетекшісі: Карибаев А.М.) және Султанова Дилноза ( жетекшісі: Абдуллаева Н.А.) жеңімпаз атанып арнайы Дипломдармен марапатталды . Байқауға қатысқан барлық оқушыларға сертификаттар табыс етілді. « Ұлы дала аңыздары» атты республикалық онлайн сурет байқауына дарынды шәкірттер дайындаған ұстаздарға «Кентау балалар көркемсурет мектебі» директоры өз алғысын білдірді.

Ссылка на отчетное видео