ЮНЕСКО клубының мүшесі мәртебесі

ЮНЕСКО клубының мүшесі мәртебесі не береді?

ЮНЕСКО Клубының мүшесі

– ЮНЕСКО клубының мүшесі 16 жасқа толған, ЮНЕСКО-ның идеалдарымен бөлісетін, оларды өз қызметінде насихаттайтын, мәдени, ғылыми және ЮНСЕКО-ның білім беру бағдарламаларын іске асыруға белсенді қатысатын,  Жарғыға сәйкес  жүйелі түрде мүшелік жарналарды төлейтін Қазақстан Республикасының азаматы бола алады.

– 16 жасқа толмаған азаматтар да ЮНЕСКО клубтарының мүшелері бола алады. Ондай жағдайда оқушының ата-анасы немесе заңды өкілдері жазбаша рұқсат беруі керек. ЮНЕСКО клубтарына кіргісі келетін шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар тұрақты немесе уақытша тұрғылықты немесе оқитын жері бойынша қолданыстағы ЮНЕСКО клубына кіруге өтініш нысанын жібере алады.  

– Мүшелікке қабылдауды үміткердің жазбаша өтініші, ұсыныстары мен ЮНЕСКО клубының хаттамалары негізінде Қазақстандық Ұлттық ЮНСЕКО Клубтарының Федерациясының басқармасы жүзеге асырады. Шешім көпшілік дауысымен қабылданады.

– ЮНЕСКО клубына қабылдау туралы оң шешім қабылдаған соң, жаңадан қосылған мүшелер Федерация Кеңесі белгілейтін кіру мүшелік жарнасын төлеуге міндетті.

– Жаңадан енгізілген мүшеге ЮНЕСКО клубы мүшесінің төлқұжаты және төсбелгі беріледі.

Құжаттар

ЮНЕСКО клубы мүшесінің төсбелгісі
ЮНЕСКО клубы мүшесінің паспорты

Әлеуметтік желілер

ЮНЕСКО клубтарының Қазақстан ұлттық федерациясы © 2021