ЮНЕСКО Клубтарының Хатшылар Семинары

6 қарашада онлайн форматта «ЮНЕСКО клубтарының негізгі рөлі: тұрақты даму үшін азаматтарды білім беру және мәдениеттер мен ұрпақтар арасындағы диалогты орнату» тақырыбында Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО Клубтарының Хатшылар Семинары өткізілді.
Күн тәртібі ЮНЕСКО клубының тұжырымдамасына, Клубтар мен Федерацияның алдағы 2022 жылға арналған жоспарына және ЮНЕСКО-ның 2022 жылға арналған басым бағыттарына арналды.
Сонымен қатар, семинар келесі спикерлердің презентациялары мен мастер-класстар қамтыды:
• Мейіргүл Алпысбаева, Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросының Ұлттық білім беру бағдарламасының маманы;
• Сәуле Зейнолла, ЮНЕСКО-ның тәуелсіз сарапшысы, PhD-докторы, Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалының доценті;
• Анар Танабаева, ЮНЕСКО-ның білім беру ғылымы және мұғалімдердің біліктілігін арттыру кафедрасының меңгерушісі;
• Валерий Толмачев, ЮНЕСКО жанындағы Мәдениеттерді жақындастырудың халықаралық орталығы директорының ғылым және сыртқы байланыстар жөніндегі орынбасары;
• Роман Ященко, ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера» бағдарламасының Қазақстандық ұлттық комитетінің төрағасы, ҚР БҒМ ҰҚК Зоология институтының бас директоры, ЮНЕСКО Бас директорының биосфералық резерваттар жөніндегі кеңесшісі, ЮНЕСКО-ның Азия және Тынық мұхиты аймағына арналған адам және биосфера бағдарламасының вице-президенті;
• Әсемгүл Қапарова, ЮНЕСКО Клубтарының Қазақстан Ұлттық Федерациясының Бас Хатшысы;
• Арсен Мадинов, ЮНЕСКО Клубтарының Қазақстан Ұлттық Федерациясының Қоғаммен Байланыс және қарым-қатынас жөніндегі маманы.