Бұл ерекше жобада қатысушылар сол сұрапыл күндер туралы толық тарихи ақпаратты, еліміздің қауіпсіздік пен ынтымақтастық саласындағы жаһандық бастамалары туралы білімдерін арттыра алады. Жоба бірнеше кезеңнен тұрады, біріншісі – білім беру кезеңі.
«30 ЖЫЛ БЕЙБІТШІЛІК ЖОЛЫНДА» атты Республикалық сынып сағаттар аясында оқушылар мен студенттерге сол жылдарда болған оқиғаларды ақпаратты қамтыған бейнежазбаларды көру мен оларды талқылауды қарастырады. Сондай-ақ ядролық сынақтардан азат әлемнің маңыздылығы туралы көзқарастық қалыптастыруға бағытталған.
Назар аударыңыз! Сынып сағаттар 2021 жылдың 11-12-13 мамырында өткізілуі тиіс. Тақырыптық бейнелер төмендегі сілтеме бойынша қолжетімді.