#STEAMUPKZ байқауының аясында ЮНЕСКО Клубтарының Қазақстан жастары 20 күннің ішінде білім беру, экология, қалалардың тұрақтылығы, жаңартылатын энергетика, тұрмыстық зорлық-зомбылық және білім беру мекемелеріндегі буллингке байланысты, күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді шешті. Жобаның мақсаты – тұрақты даму міндеттеріне қол жеткізу үшін жастарды ғылыми, техникалық және инновациялық үдерістерге тарту.
Байқауға барлығы 127 команда тіркелді. Жалпы алғанда, командалар STEAM (Science, Technology, Engineering, Arts and Mathematics) аясында әзірленген 600-ден астам жобаны ұсынды.