ЮНЕСКО Клубтары Федедерациясының жаңа Республикалық білім беру – тәжірибиелік жобасы

«Жастар және мәдени мұра» атты Республикалық білім беру-тәжірибелік жобасы

COVID-19 байланысты туындаған қазіргі замандығы дағдарыс өмірдің барлық саларының, әсіресе әлеуметтік-экономикалық және мәдени салаларының осалдығын ашты. Мәдениетке қол жетімділікті күрт шектеу қоғамның үйлесімді дамуына, құндылықтар мен тарихи тәжірибені сақтауға, адамның қазіргі жағдайға тез бейімделуіне қайшы келеді. Бүгінгі таңда ЮНЕСКО-ның миссиясы өзін-өзі оқшаулау және шектеу шаралары кезінде мәдениеттің қол жетімділігіне ықпал ету болып табылады.

Жастар – әлеуметтік өзгерістер мен инновациялардың қозғаушы күші. ЮНЕСКО клубтарының федерациясы түрлі мәдени бағдарламалар мен ресурстар арқылы жастарға өз әлеуеттерін жергілікті және ғаламдық деңгейде көрсетуге және оны табысты болашақ үшін жандандыруға мүмкіндік береді. Сонымен, біз «Жастар және мәдени мұра» атты осы жаздың басты жобасын іске қостық.

Жоба ұйымдастырушылары: Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросының қолдауымен, Қазақстандық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы, «Kazakh Tourism» ҰК АҚ.

Қатысу ережелері: 16 мен 29 жас аралығындағы кез-келген адам жоба қатысушысы бола алады, жобаға қатысушы ретінде, сіз:

  1. Табиғи және мәдени мұралар туралы біліміңізді тереңдете аласыз;
  2. Халқымыздың тарихи мұра объектілері мен көпжылдық ескерткіштерін қорғауға өз үлесіңізді қоса аласыз;
  3. Тұрақты және заманауи эко-бағыттағы туризм, мәдени және табиғи мұра объектілері туралы маңызды тарихи фактілер бойынша көптеген жаңа және пайдалы ақпаратты біле аласыз;

Жоба бірнеше компоненттерден құралған: білім беру, ақпараттық-түсіндіру, ғылыми-зерттеу және қорытынды практикалық бөлімдер.

«Жастар және мәдени мұра» жобасының ерекшелігі – қатысушылардың бірлесіп жұмыс жасауы, осылайша 3 қатысушыдан тұратын 150 командалар ұйымдастырып, жоба аясында кең-байтақ Қазақстанның туристік маршруттары мен жұмбақ тарихи жерлері бірлесіп зерттелетін болады.