ЮНЕСКО-ның инклюзивтік оқыту бағдарламасы #ArtConnects арт-терапиясының екінші онлайн курсы

ЮНЕСКО ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдерге арналған #ArtConnects арт-терапиясының екінші онлайн курсын іске қосты. Халықаралық көркем-өнер білім апталығының мерекесін атап өту аясында ЮНЕСКО, Қазақстандық ЮНЕСКО Клубтар Федерациясының қолдауымен, 2021 жылдың 1 маусым мен 12 маусым аралығында ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдерге арналған арт-терапия бойынша екінші онлайн курсын бастайды.
Өнер өзінің алуан түрлілігімен жеке тұлғаны жан-жақты дамыту үшін кешенді білім берудің маңызды компоненті болып табылады. Бүгінгі таңда көркем-өнерден дамығын дағдылар, құндылықтар және адамның мінез-құлқы бұрынғыдан да маңызды екені белгілі болды. Бұл қасиеттер – жасампаздық, ынтымақтастық және шығармашылық жолмен мәселелерді шешу – төзімділікті дамытады, мәдени әртүрлілік пен сөз бостандығы туралы түсінікті жандандырады, жаңашылдық пен сыни ойлау дағдыларын дамытады.
Шынымен де, өнер басты бағыт-бағдаршы ретінде біздің көпмәдениетті, тығыз байланыстағы қоғамдарымызда әлеуметтік интеграция мен төзімділікті жетілдіреді.
Өнер бізді жақындастырады. Сурет, артефакт, алғашқы әуендерден алынған үзінділер, өркениеттер тарихы мен оларды жалпылайтын байланыстар туралы шебер баяндайды. Бұл бізге адамзат мәдениеті мен өзін-өзі көрсету мәнерінің алуан түрлілігін біріктіріп, сол арқылы біздің жарқын әрі тұрақты болашағымызға ықпал ететінін сезуге және түсінуге итермелейді.
Біз #ArtConnects онлайн курсы арқылы ерекше қажеттіліктері бар, денсаулығы аса қауіпті жағдайдағы немесе халықтың осал топтарындағы барлық балалар мен жасөспірімдерді өнер әлеміне жетелеуге, шығармашылық әртүрліліктен ләззат алуға және шығармашылық қабілеттерін арттыруға шақырамыз.
Тұрақты сілтеме http://ru.unesco.kz/unesco-launches-the-second-online-art-therapy-course-artconnects-for-children-and