?»Интеллектум» үйірмесінің шеберлік сағаты өтті

Интеллектуалды ойын арқылы балалардың зейінін ашу

Название мероприятия: ?»Интеллектум» үйірмесінің шеберлік сағаты өтті
Дата проведения: 11.05.2023
Цель мероприятия: Интеллектуалды ойын арқылы балалардың зейінін ашу

Бүгін «Оқушылар сарайы» – ЮНЕСКО клубындағы «Интеллектум» үйірмесінің шеберлік сабағы өтті. Сабаққа қатысқан оқушылар интеллектуалдық дамыту ойындарын әзірлеу, құрастыру және қолдану тапсырмаларын орындап, ақыл-ойды дамытуға тікелей ықпал ететін дидактикалық ойындар жүйесін құруға машықтанды. Тиісінше, балалар танымның кеңеюіне әсер ететін «Түрлі түсті бөлшектер», «Таяқшалар», «Көркем өрнек», «3D ұшбұрыштар», «Тез тап», «Сәулетші», «Көбелектер», «Пішіндер», «Жол бағдар» сынды интеллектуалдық дамыту ойындарын құрастырды. Өз кезегінде бұл іс-әрекеттер баланың әлеуметтік ортада жеке тұлға ретінде қалыптасуына негіз болатыны сөзсіз.

Сонымен қатар, интеллектуалдық дамыту ойындары мектепке дейінгі жастағы балалардың психологиялық және физиологиялық тұрғыдан дамуына да айрықша ықпал жасайды.
@unescoclubs_kz

Ссылка на отчётное видео