“Hand in Hand” әлемдік челленджінің

Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы, ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық комиссиясы, ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Кластерлік Бюросы, ЮНЕСКО Клубтары мен Қауымдастықтарының Дүниежүзілік Федерациясы (WFUCA), ЮНЕСКО-дағы Жапониялық Қауымдастықтарының Ұлттық Федерациясының (NFUAJ) қолдауымен ЮНЕСКО клубтары мен бірлестіктері қозғалысының құрылуының 75-жылдық мерей тойы мен жергілікті тілдердің халықаралық онжылдықтың басталуына арналған #HandInHandUnityChallenge әлемдік челленджінің басталғанын хабарлайды.

Қазақстандық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы идеясы бірігу символына айналған бейне челлендж арқылы бүкіл әлемнің бірлігі мен келісімін көрсететін #HandInHandUnityChallenge жаһандық челленджіне барлық ЮНЕСКО қауымдастығы мен клубтарына қатысуға үндейді.

Бейне челленджтің видеосында бір-бірінің қолдарының ұштастыруын көрсетіп, 5 пен 35 жас аралығындағы кез келген адам челленджге қатыса алады. Қол ұстасу – бір-біріне деген қамқорлықтың, сенімнің, достықтың, татулықтың, төзімділіктің, өзара түсіністік пен ізгі ниеттің белгісі.

Өткізілу күндері: 2022 жылғы 30 мамырдан 30 маусымға дейін

Әлемдік челленджге қатысушысы болу үшін қажетті шарттар:

  • Барлығы бір қатарда, шеңберде немесе басқа позицияда тұрып, бір-бірінің қолын алатын видео жасаңыз. Бір қатысушы қолын созғанда, екіншісі оны алып жатқан процесті түсіру керек.
  • Бейнероликтің соңында барлығы қолдарын бұлғауға шақырылады және бір немесе бірнеше қатысушы өз ана тілінде «Біз ЮНЕСКО клубтарымен бірге бейбітшілікті қолдаймыз!» деген сөйлемді айту қажет.
  • Дайын бейнені kazfuca@gmail.com поштасына жіберіңіз

Дұрыс түсірілген бейненің мысалы:

#HandInHandUnityChallenge қатысушыларының әрбір видеосы KazFUCA сайтында және әлеуметтік желілерде #HandInHandUnityChallenge (www.unescoclubs.kz, https://www.instagram.com/unescoclubskz/) хэштегімен жарияланады, содан кейін олар ЮНЕСКО клубтары мен бірлестіктері қозғалысының 75 жылдығын мерекелеу аясында Париждегі ЮНЕСКО штаб-пәтеріне жіберілетін бір үлкен бейнеге біріктіріледі.

Дайын бейнеролик 2022 жылдың 23 шілдесінде Қазақстанның Ақтөбе қаласында өтетін бейбітшілік пен келісім идеялары болып табылатын «The Planet of ART 2022» халықаралық фестивалінің Гала-концертінде ұсынылады. 

Толығырақ Ережеден табуға болады: