Халықаралық диалог «Азия-Тынық мұхиты аймағының ЮНЕСКО Клубтары қызметінің үздік тәжірибелері: заманауи сын-қатерлер мен оларды шешу жолдары»

Қазақстандық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерінің қатысуымен Халықаралық Форум өткізді

2021 жылғы 28 сәуірінде барлық ЮНЕСКО-ның Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі Клубтары үшін, өте маңызды іс-шара өтті, ол International forum «Best Practices of UNESCO Club in the Asia-Pacific region: challenges and opportunities».

Форумға Бангладеш, Вьетнам, Үндістан, Иран, Қытай, Оңтүстік Корея, Қырғызстан, Непал, Пәкістан, Ресей, Филиппин сияқты ЮНЕСКО Клубтары, Ұлттық Федерациялары мен қауымдастықтары сондай-ақ Қазақстандық ЮНЕСКО Клубтарының аймақтық өкілдіктері қатысты. Форум ЮНЕСКО-ның «Тұрақты даму мүддесіндегі әріптестік» бағдарламасы шеңберінде Қарағанды облысындағы ЮНЕСКО Клубтарының аймақтық өкілдігінің бастамасы бойынша өткізілді.

Осындай іс-шаралардың арқасында ЮНЕСКО-ның Клубтық қозғалысы жаңа уақыт шеңберінде дамып жатады, біз халықаралық әріптестермен тәжірибемізбен бөлісіп, олардың білімі мен ЮНЕСКО қамқорлығымен ең үздік іс-шараларды ұйымдастыру тәжірибесін үйренеміз. Демек, біздің балаларымыз бен жастарымыздың қатысуымен Халықаралық жобалар одан да көп болады