Название мероприятия: ⚜️»Ермексазбен мүсіндеу» үйірмесінде шеберлік сабақ өтті
Дата проведения: 30.03.2023
Цель мероприятия: Мүсіндеудің көмегімен мектепке дейінгі жастағы балалардың шығармашылық қабілетін дамыту, кеңістікті түйсіну қабілетін, ой-қиялын, сенсорлық және эстетикалық қабылдау қабілетін, саусақ қимылдарын дамыту.
✨«Оқушылар сарайы» – ЮНЕСКО клубы «Ермексазбен мүсіндеу» үйірмесінде «Анимациялық шетел мультфильм кейіпкерлері» атты шеберлік сабақ өтті. Атап өтсек, бұл үйірме балаларға көлемді игеруге, суретті бедерлі және тірі сияқты етіп жасауға мүмкіндік береді. Дегенмен, қарапайым көрінгенімен, ерекше қабілетті қажет етеді.
?Сабақ барысында үйірме жетекшісі мүсіндеу өнері балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға, кеңістікті түйсіну қабілетін, ой-қиялын, эстетикалық қабылдау қабілеті мен саусақ қимылдарын дамытуға ықпал ететінін айтты. Тиісінше, сабақ барысында оқушылар ермексазбен мүсін жасау технологиясын меңгеріп, ой-қиялдарын жүзеге асыруға мүмкіндік алды.
@unescoсlubskz