Елін сүйген -Елбасы (Зум платформасында танымдық сабақ)

Название мероприятия: Елін сүйген -Елбасы
Дата проведения: 30.11.2020
Цель мероприятия: Саяси сауаттылық деңгейін арттыру, еркін пікір алмасу, өз ойын дәлелдей білу, тұлғалық көзқарасын қалыптастыру. Қарапайым қазақ баласының біртұтас Қазақстан атты мемлекетті қалыптастырудағы рөлі жайлы танысып өздерінің болашақтарына мақсат, сенім, жігер алуға бағыттау.

Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті оқушылар, ұстаздар! Құрметті оқушылар, Елбасымыздың билік тізгінін қолына ұстаған жылдардағы жарқын келбетін, биік болмысын, кемел дарынын, елбасшысы ретінде көсемдік қасиеттерін бүгінгі ұрпақ біздер жақсы білуіміз керек. Бүгінгі сабағымыздың негізгі мақсаты да –осы.

Алғы сөз Шығармашылық Академиясының оқу-тәрбие ісінің орынбасары Алиева Айым Талғатқызына беріледі.

Ендеше, алғашқы сұрақ « Біз Елбасы туралы не білеміз?» (Оқушылар білгендерімен бөліседі)

Елбасымыздың өмір жолы, балалық шағы, отбасы, жөсөспірім шағы туралы толық ақпаратты оқушылар айтатын болады.

1-оқушы: Балалық шағы

1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.

Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».

2-оқушы: Нұрсұлтанның балалық шағы соғыстың сұрапыл жылдарына және соғыстан кейінгі ауыр кезеңге тұспа-тұс келді. Нұрсұлтан өз әкесіне үнемі көмектесуге ұмтылды. Үйде де, бақшада да, алма бағында да әкесінің жанында болып, мал жайғарумен айналысты, әкесімен бірге тауға барып, шөп шапты. Нұрсұлтан тек өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты зор ынта-ықыласпен оқыды.

Жүргізуші: Өте жақсы, оқушылар. Президент болу үшін қандай қасиеттер керек деп ойлайсыңдар?

Жүргізуші: 1991ж. 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алды.  Мемлекеттік туымыз, әнұранымыз, елтаңбамыздың болуы, 1992ж. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып кірді.  1993ж. 15-қарашада –Ұлттық Валюта теңгенің енгізілуі.  1995ж. 30-тамызда Жаңа конституция қабылданды.Қазақстанның заманға лайық жаңа астанасын салу идеясы Мемлекеттің бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі.

Ендеше, оқушылар, Елбасы туралы жатқа білетін өлеңдеріңді айта қойыңдар.

(Идирова Амина, Ерболқызы Мақпал, Мерген Аяулым, Үмбетай Тоғжан, Жылқыбаева Аружан, Кутумова Саяжан, Мұхамбеталиева Лунара.)

Жүргізуші: Енді, кез келген мемлекеттің болашағы – білімді жастар. Көзі ашық, көкірегі ояу кез келген білімді ұрпақ өз Отанын даму жолында аянбай тер төгеді. Қазіргі білектің күшін емес, білімнің күшін жарыстыратын заман. Мағжан Жұмабаев деген ақынның мынандай өлең жолдары бар:

«Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты –
Қырандай күштi қанатты.

Мен жастарға сенемiн!» Иә, Тәуелсіз елдің ертеңі – бүгінгі жастардың қолында. Қай нәрсе де ең төменінен бастауға арланбау  керек деп ойлаймын, қарапайым жұмысшыдан, мемлекет басшысына дейін көтерліген Елбасының өмір жолын ерен еңбегін өзімізге үлгі етуге тиістіміз. Елбасы өз сөзінде: «Мен жастар – біздің болашағымыздың тірегі дегенді әркез айтып келемін. Мемлекет жаңа буынның алдында барлық есіктер мен жолдарды ашты!» Жастарға жасалған мүмкіндіктер өте зор, тек қолымызды мезгілінен кеш сермеп жүрмей, барды уақытында пайдаланайық.

Бүгінгі сабағымызда Елбасымыздың өмір жолымен, жасаған еңбегінімен таныса алдық деп ойлаймын. Осымен бүгінгі танымдық сабағымыз аяқталды. Сабаққа қатысқандарыңызға көп рақмет! Сау болыңыздар!

 

 

Ссылка на отчетное видео

Әлеуметтік желілер

ЮНЕСКО клубтарының Қазақстан ұлттық федерациясы © 2021