ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы Enikki Festa 2021-2022 Халықаралық балалар шығармашылығы фестивалін қолдау мақсатында «Менің бақытты күнім» атты жаңа Challenge басталуын жариялайды

Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы 6 мен 12 жас аралығындағы балаларды қамтып, фествальдің келесі алдағы кезеңіне орай Challenge жариялайды. Тақырыбы – «Менің бақытты күнім».
Егер сізде сурет салуға қабілеті бар болса, онда біздің Challenge-ке қатысыңыз! Назар аударыңыз! Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2021 жылғы 13 наурыздан 13 сәуірге дейін (қоса алғанда). Сонымен, Қатысу шарттары өте жеңіл:
- . «Менің бақытты күнім» тақырыбына сурет салыңыз. Байқауға арналған суреттер қатысушының өмірінің ең бақытты күндерінің және жүзіне күлкі мен жанына жылулық сыйлайтын сәттердің көрінісі болуы керек.
- Қатысушы өміріндегі ең бақытты күн туралы бейне жазып, @unescoclubskz, @EnikkiKZ аккаунттарын белгілеп, #EnikkiKZ тегімен Instagram-ға бейнеролик жүктеуі керек. Видео ұзақтығы 1 минуттан аспауы керек. Сондай-ақ, біз қатысушыларға сауалнаманы толтырып, жұмысыңызды, бейнені/суретті астындағы сілтеме бойынша жүктеуге мүмкіндік береміз (егер қатысушы әртүрлі себептермен қиындыққа тап болса, немесе өз жұмысын әлеуметтік желіге қоса алмаса) : https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfKCv1jA8vLfWdRx23Atl_vz3qP2NvMLg9Ewr5uK306BHf5iA/viewform?usp=sf_link
- «Менің бақытты күнім» челленджіне қатысушылардың 500 ең ерекше суреттері мен есте қаларлық бейнелері/сипаттамаларының иелері ұйымдастырушылардан арнайы сыйлықтарға ие болады және «Mitsubishi Asian Children’s Enikki Festa» 2021-2022 халықаралық балалар шығармашылығы фестивалінің келесі кезеңіне қатысуға. Өз мүмкіндігін жіберіп алма!
Байқау туралы ережеде сіз қатысу шарттары мен марапаттау, және барлық қажетті ақпаратты таба аласыз.