Ел бірлігін нығайтуға арналған мерекелік концерт өтті

1 мамыр - Бірлік күніне орай мерекелік концерт

Название мероприятия: Ел бірлігін нығайтуға арналған мерекелік концерт өтті
Дата проведения: 01.05.2023
Цель мероприятия: 1 мамыр – Бірлік күніне орай мерекелік концерт

Бүгін «Оқушылар сарайы» – ЮНЕСКО клубының ұйымдастыруымен «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне» орай мерекелік іс-шара өтті. Еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің татулығын нығайтуға арналған концерттік бағдарлама «Этноауыл» қалашығында ұйымдастырылған.

Аталған іс-шараға өңір тұрғындары мен қонақтары, түрлі этнос және дін өкілдері қатысып, ел бірлігін арттырудың мән-маңызына қанық болды.

Іс-шараға қатысқан жас өнерпаздар көпшілікке мерекелік көңіл күй сыйлап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
@unescoclubs_kz

Ссылка на отчётное видео