«Дені саудың – жаны сау» атты спорттық марафон

Іс-шараның атауы: «Дені саудың-жаны сау» спорттық марафон
Өткізу күні: 25.09.2021
Іс-шараның мақсаты: Салауатты өмір салтын насихаттай отырып, салауатты ұлт қалыптастыру.

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Отбасы күніне орай, «Сенімен болашаққа» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі және «ЮНЕСКО» клубы аясында, Өскемен қаласының «Білім-Инновация» лицейінің оқушылары, ата-аналары және мұғалімдер арасында «Дені саудың-жаны сау» атты спорттық марафон ұйымдастырылды.
Марафондағы жарыс жолы үш және бес шақырым жерді құрайтын спорттық шараға, барлығы 150-ге жуық қатысушы белсенділік танытты.
3км қашықтыққа жүгірген 7-8 сыныптар арасында жүлделі орындарды иеленген оқушылар:
1-орын Құсманов Альтаир, 8 «Б» сынып
2-орын Мейрамқанов Арсен, 7 «А» сынып
3-орын Жұмаболат Асанәлі, 8 «Б» сынып
5км қашықтыққа жүгірген 10-11 сыныптар арасында жүлделі орындарды иеленгендер:
1-орын Адильбаев Дінмұхаммед, 11 «А» сынып
2-орын Айшабеков Ануар, 11 «А» сынып
3-орын Темірханов Нұрасыл, 10 «А» сынып
«Білім Инновация» лицейі ұжымының ерлері арасында 3 шақырымға жүгірген жеңімпаз иегерлері:
1-орын Серікқалиев Ерасыл-биология пәні мұғалімі
2-орын Бекболат Омар- есепші
3-орын Серғазин Сұңғат-дене шынықтыру пәні мұғалімі
Білім Инновация» лицейі ұжымының әйелдер арасында 3 шақырымға жүгірген жеңімпаз иегерлері:
1-орын Кошубаева Алия – кадрлар бөлімінің инспекторы
2-орын Айтбаева Аягөз – тәрбиеші
3-орын Серікқалиқызы Жанна – ағылшын тілі пәні мұғалімі
Әкелер арасында 3 шақырымға жүгірген жеңімпаз иегерлері:
1-орын Уызбаев Самат
2-орын Ануарбеков Мұрат
3-орын Ергебаев Ернар
Аналар арасында 3 шақырымға жүгірген жеңімпаз иегерлері:
1-орын Кайсенова Айтгүл
2-орын Жанбауова Асем
3-орын Сембинова Бақыт
Шараның соңында лицей директоры Темірқұл Арман Шонтықұлына сөз кезегі беріліп, жарысқа белсене қатысқан барлық қатысушыларға алғысын білдіріп, салауатты өмір салтын сақтауға шақырды. Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орын иеленген жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталып, медальдары табысталды.

Есептік видеоға сілтеме

Әлеуметтік желілер

ЮНЕСКО Клубтарының Қазақстандық Ұлттық Федерациясы
© 2022