ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы тұрақты даму мүддесіндегі «Дала ДНҚ-сы» жобаның басталғаны туралы жариялайды

«Дала ДНҚ-сы» тұрақты даму бағытында білім беруге арналған Республикалық жоба

Қазақстандық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы және «Sauvage» компаниялар тобы «Дала ДНҚ-сы» жобасының басталғаны туралы жариялайды.

«Дала ДНҚ-сы» – ата-бабаларымыздың тарихи, мәдени және рухани құндылықтарына негізделген жаңа қоғамдық сананы қалыптастыруға бағытталған Қазақстанда бұрын болмаған бірегей жоба.

Жоба екі бөлімнен тұрады: білім беру бағдарламасы және шығармашылық байқау. Білім беру бағдарламасына қатысу, осы жоба аясында өтетін сурет байқауына қатысуға міндеттемейді.

Жобаның білім беру бөліміне қатысушылар арасында экологиялық мәдениетті тәрбиелеуге және халқымыздың мәдени мұраларына сілтеме жасай отырып, халықтың Жерді сақтауға өзіндік үлес қосу мүмкіндігі туралы ақпарат алуына көмектеседі.

 

 

Білім беру бағдарламасына қатысу үшін тіркелу сілтемесі (тренингтерге тіркелу):

Білім беру бағдарламасына қатысу арқылы қатысушылар өз әлеуетін арттырып, қоршаған ортаны сақтау тақырыбында білімдерін кеңейтіп, «Дала ДНҚ-сы» суреттер мен иллюстрациялар байқауына қатысып, ұйымдастырушылардың барлық талаптарына сай байқау жұмысын дайындауға мүмкіндік алады.

Жобаның спикерлері

Байқау үш номинация бойынша өтеді

«Тарих – біздің болашағымыз» номинациясының мақсаты: Қазақстан территориясында өмір сүрген, қазақтардың ата-бабасы болып табылатын халықтардың мәдени мұралары мен қазіргі әлем шындығымен үйлесімді тоғысуын бейнелеу.

«Бірлік» номинациясының мақсаты: Планетадағы барлық халықтың бірлігі мен теңдігін нәсіліне, жынысына, тіліне немесе дініне қарамай бейнелеу және «ғаламдық азамат», «әлем азаматы» ұғымын ашу.

«Жандану» номинациясының мақсаты: Тұрақты дамуға ұмтылатын Жердің кез-келген азаматы № 6, 12, 13, 14, 15 тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге үлес қосатын әлемді бейнелеу.

Байқауға қатысу үшін жұмыстарды бір номинация бойынша дайындап, төмендегі батырмаға басып, жүктеу қажет.

Бағдарламаға 7 мен 65 жас аралығындағы кез келген қатысуға ниет білдірген адам (үш жас санаты бойынша: 7–12 жас, 13–18 жас, 19–65 жас) қатыса алады. Ең үздік жұмыстар тақырыптық сурет көрмесіне енгізіліп, олардың авторлары финалист дипломдарымен марапатталады.   

Тіркелу және өтініш беру мерзімі: 2021 жылдың 1 маусымы мен 1 шілдесі аралығында. Қатысу тегін!

Байқау талаптарын жүктеу