«БІЗДІҢ ҚОҒАМДАҒЫ ТҰРАҚТЫ ДАМУ» IV Азия-Еуропа білім беру саласындағы форум

«БІЗДІҢ ҚОҒАМДАҒЫ ТҰРАҚТЫ ДАМУ»
IV Азия-Еуропа білім беру саласындағы форум

2021 жылдың 29-30 қазанында онлайн режимде «Қоғамдағы тұрақты даму» білім беру саласындағы IV Азия-Еуропа форумы өтті.

Форумға іс-шара тарихында бұрын соңды болмаған 35 елден астам 1500 адам қатысты. Оның ішінде ЮНЕСКО клубтарының дүниежүзілік қозғалысының мүшелері, ЮНЕСКО штаб-пәтері мен ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиялардың өкілдері, түрлі халықаралық ұйымдардан, мемлекеттік органдардан, ғылыми топтардан, жеке және үкіметтік емес секторлардан, сондай-ақ басқа да мүдделі қатысушылар қатысты.

Форум сарапшылар қауымдастығы мен қатысушылар тарапынан жоғары бағаға ие болды. Білім беру саласындағы, атап айтқанда, бүкіл әлемде қоғамның дамуына ықпал етуге бағытталған интегралды, инклюзивті білім беру, тұрақты даму үшін және өмір бойы білім беру бойынша озық тәжірибе алмасу үшін осындай алаңдарды құрудың маңыздылығы мен қажеттілігі атап өтілді.

Іс-шара бағдарламасында басты назар БҰҰ-ның 2030 күн тәртібіне аударылды. ЮНЕСКО жаһандық және аймақтық деңгейде білім беру саласында жетекші рөл атқаратын Біріккен Ұлттар Ұйымының мамандандырылған мекемесі ретінде бүкіл әлемде сапалы білім беруді тұтас және гуманистік басқаруды және міндетті жалпы білімге қол жеткізу құқығын жүзеге асыруды алға тартады.  Осы орайда ЮНЕСКО адам әлеуетін, қоғамды және экономиканы дамытудағы басты рөлі білім беру саласына тиесілі екендігін мойындайды және қолдайды.  Форумда өскелең ұрпақ үшін де, ересек тұрғындар үшін де білім беру жобаларын жүзеге асыру арқылы Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге ықпал етуге бағытталған ЮНЕСКО клубтары мен бірлестіктерінің Азия және Еуропа ұлттық федерацияларының табысты бағдарламалары қатысушылардың назарына ұсынылды.

«ЮНЕСКО Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу саласындағы күш-жігерді біріктіруге ерекше мән береді және бұл мәселеде азаматтық қоғамның үлкен бөлігін біріктіретін және БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі күн тәртібіндегі міндеттерді қарапайым халыққа қолжетімді және түсінікті етіп жеткізетін ЮНЕСКО клубтарының қозғалысы маңызды рөл атқаратындығын мойындайды. Қазіргі пандемия уақытында азаматтық ынтымақтастықтың маңыздылығы мен қажеттілігіне тағы бір рет көзіміз жетіп отыр. Бұл, әрине, ЮНЕСКО клубтары қозғалысының миссиясы мен жұмысында да толық көрініс тауып отыр.»

Фирмин Эдуард Матоко,

ЮНЕСКО Бас директорының орынбасары (Париж, Франция)

Форум барлық деңгейлерде және кез келген түрде (балаларға, жастарға және ересектерге арналған дәстүрлі және бейресми түрде) білім беру жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша барлық елдердің ынтымақтастығы мен көптеген серіктестердің бірлескен жұмысының маңыздылығы мен қажеттілігін бірнеше рет атап өтті. Қоғамдық бірлестіктердің, мемлекеттік органдардың және жеке бизнестің тығыз жұмысының арқасында жаһандық мәселелерді шешуге көмектесетін және тұрақты даму үшін білім беру арқылы мақсаттарға жетуге ықпал ететін жобалар мен бағдарламалар жүзеге асырылуы керек.

«ТШО-ның негізі қаланғалы бері компания жұмысын жүзеге асыратын өңірдің тұрақты дамуы үшін инвестициялар бөліп келеді. Бұл әрекеттер компанияда басты назарда және ерекше көңіл бөлінеді. Мысалы, ТШО әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында Британдық кеңеспен бірлесіп, Атырау облысындағы мектептердегі ағылшын тілі мұғалімдерінің әлеуетін арттыру жобасын жүзеге асырды. Тағы бір мысал, бүкіл Қазақстан бойынша әлеуметтік желілер арқылы қазақ тілін үйренуді ынталандыратын академик Қабдолов атындағы қормен жұмыс істеп келеді. Сондай-ақ ТШО әр бала мен жасөспірімнің жеке қабілетін дамыту мақсатында жастарға кәсіптік бағдар беру және икемді дағдыларды оқыту жобаларын қолдауда. Биыл ТШО көру қабілетінен айырылған және нашар көретін балаларды бірегей тренажер арқылы қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде Брайль қарпімен оқытуға көмектесетін Sezual жобасына қолдау көрсетуде.

Рзабек Артыгалиев, «Теңізшевройл» компаниясының Үкіметпен және қоғаммен байланыс жөніндегі бас менеджері

Қоғамдық игілікке қол жеткізу, сондай-ақ Еуропа мен Азия елдерінің арасында білім мен тәжірибе алмасу Форум қызметінің негізін құрады. Ұзаққа созылған қорытынды сессияда Форумға қатысушылар ғылым мен білім саласындағы елдер мен континенттер арасындағы көпжақты және екіжақты байланыстарды тереңдету маңыздылығы туралы айтты. Пайдалы ынтымақтастық, өз кезегінде,  әлеуметтік және мәдени кедергілерді еңсеруге мүмкіндік береді, тиімді және жақын қарым-қатынас арқылы достық нығайта түсетіні анық. Форумның нәтижесінде қатысушылар ЮНЕСКО серіктестері болып табылатын клубтардың қызметі туралы көбірек білуге ​​мүмкіндік алды, , қатысу үшін ашық жобалармен танысты, ұлттық федерациялар болса, әр федерацияның басымдылықтарын көріп, болашақта бірлесіп жұмыс істеуге келісті.

Форумның нәтижесі ретінде озық тәжірибелер мен жобалар енгізілген біздің қоғамдағы тұрақты дамуға қол жеткізу жол картасы бола алатын басылымдар жинағын шығару көзделген.

Форум Қазақстан және Румыния ЮНЕСКО клубтары федерацияларының бастауымен жүзеге асырылуда. Форумның ұйымдастырушылары:  Дүниежүзілік ЮНЕСКО клубтары, орталықтары мен қауымдастықтары федерациясының қолдауымен Азия-Тынық мұхиты және Еуропалық ЮНЕСКО клубтары мен қауымдастықтары федерациялары болып табылады.

Шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, ЮНЕСКО-ның 75 жылдығына, Дүниежүзілік ЮНЕСКО клубтарының федерациясының 40 жылдығына және Еуропалық ЮНЕСКО клубтары мен қауымдастықтарының федерациясының құрылғанына 20 жыл толуына арналған.

«Біздің қоғамдағы тұрақты даму» IV Азия-Еуропа білім форумының бас серіктесі«Теңізшевройл» (ТШО) компаниясы. ТШО жаңа технологияларды енгізіп, әлемдік қауіпсіздік пен экологиялық стандарттарға сәйкес жұмыс істеп келеді. Бұл компанияның  Қазақстанның тұақты дамуына қосқан айтулы үлесі болып саналды.