«Қанатты құстарға қамқор болайық» тақырыбында ҚҰС ҰЯСЫ қолөнер жұмыстары байқау

Привитие учащимся любви к природе родного края.

Название мероприятия: «Қанатты құстарға қамқор болайық» тақырыбында ҚҰС ҰЯСЫ қолөнер жұмыстары байқау
Дата проведения: 18.02.2021
Цель мероприятия: Привитие учащимся любви к природе родного края.

«Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қанатты құстарға қамқор болайық» тақырыбында қашықтықтан құс ұясы қолөнер жұмыстары байқауын ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты: Балалардың шығармашылығын қолдау және дамыту, өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін және табиғатымызда мекен ететін құстарымызға қамқор болу, сирек кездесетін жануарлары мен өсімдіктерін сақтап қалуға деген қызығушылықтарын ояту.
«Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен өткізілген бұл байқауға іріктеліп таңдалған 10 оқушының жұмыстары қатыстырылды. Оқушылар үлкен қызығушылықпен әртүрлі материалдардан құстарға арналған ұялар жасады. Жасаған құс ұяларын бояулармен әшекейлеп бояп құстарға ыңғайлы етіп орындалған өздерінің жұмыстарын әділқазылар назарына ұсынды.
Байқауды қорытындылап жеңімпаздарды марапаттау үшін «Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы» мекемесінен әділқазылар алқасы құрылып, жүлделі орын алған оқушыларды марапаттау рәсімі өтті. Кентау балалар көркемсурет мектебінің оқушысы: арнайы ДИПЛОМ БКМ-нің дайындық тобы Шаметова Инжу (жетекшісі: Аширметова К.К.), «Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы» мекемесі атынан байқауға белсене қатысқаны үшін оқушыларға: Абдрашитова Мира, Мухтарова Амина (жетекшілері: Стальмакова Г.А.), Бахадирова Зилола (жетекшісі: Павленко И.В.) АЛҒЫС ХАТ -тар табысталды. Кентау балалар көркемсурет мектебі әкімшілігі атынан АЛҒЫС ХАТ-тар оқушыларға: Аяшева Алина, Ертай Салима, Мамурбек Арсен (жетекшілері: Стальмакова Г.А.), Изатуллаева Фатима, Нұрғалиұлы Нұрболат (жетекшілері: Абдуллаева Н.А.) және Тұрсынбеков Ахмет (жетекшісі: Карибаев А.М.) табысталды.
Жыл сайын өткізіліп тұратын дәстүрлі бұл байқау оқушылардың туған жердің табиғатына деген сүйіспеншіліктерін оятты. Мектеп әкімшілігі мен оқушылар осы байқауды ұйымдастырған «Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесіне өздерінің алғыстарын білдірді.

Ссылка на отчетное видео