Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтары Федерациясының Президентінің

Алғы сөзі

akchulakov

Құрметті достар!

2009 жылы Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы құрылған кезде ұйымының басшылығының алдында республикалық деңгейде қызмет ететін қоғамдық бірлестік құру, аймақтағы клубтық қозғалысты дамыта алатын және Қазақстанда ЮНЕСКО бағдарламаларынын жоғары әлемдік деңгейде жылжытуға үлес қосатын ұйым құру сияқты үлкен мақсат тұрды. Осы уақыт ішінде көп нәрсе жасалынды. Федерация өз дамуының бастапқы кезеңінде барлық күш-жігерін және мүмкіндіктерін жағымды бейне қалыптастыруға және Қазақстанда, шетелде мойындалған ұйымға айналуды негізге алған дұрыс стратегияны қабылдады. Осы бағытта жасалынған жемісті еңбек елдегі ЮНЕСКО Клбутары қозғалысының дамуына серпін берді.

Біздің мақсаттарымыз орындалды, Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы 2010 жылдан бастап Азия-Тынық мұхит аймақтық ЮНЕСКО ассоциациялары мен клубтары Федерациясының белсенді мүшесі. Ал 2011 жылы біз ЮНЕСКО ассоциациялары, клубтары мен орталықтарының Дүниежүзілік Федерациясының мүшесі атандық. 2005 жылы алғашқы ЮНЕСКО Клубының ашылуынан бері бірталай уақыт өтті. Қазір Қазақстандық Федерация 155 ЮНЕСКО Клубы мен 14000 белсенді мүшелерін біріктіретін тұрақты ұйымға айналды. 2013 жылдан бастап Федерацияның алдағы уақытқа мақсаттары мен негізгі жұмыс устей бағыттары анықталды. Оларға мәдени мұраны насихаттау, мәдениетаралық және шығармашылық дамуды қолдау, балалар мен жастарға өнегелі тәрбие беру жатады. Біздің жұмыс еліміздің жас азаматтарының рухани-адамгершілік дамуына және патриоттыққа баулуға арналады. 

Біздің ЮНЕСКО Клубтары жастарды қызықтырады, өйткені олар шығармашылық, бірегейлік арқылы өзін танытуға мүмкіндік береді. Клуб жұмысына қатысу өнер әлеміне жол ашады, сонымен қатар Қазақстанның жас ұрпағының білімін арттырып, мәдени мұраны сақтауына ықпал етеді.

Менің ойымша, тұратын жеріне, әлеметтік мәртебесіне және жұмыспен қамтылуына қарамастан белсенді және әлеуметтік жауапкершілікті сезінетін адамдар барлық жерде кездеседі, сондықтан біз жақтастарымызды, Федерациямыздың негізгі мақсаттары мен міндеттерін қолдауға дайын адамдарды іздеуді әрі қарай жалғастыра береміз. 

Мен әрқайсыларыңыз бейбітшілік мәдениетін көтеруге, ынтымақтастықты тереңдетуге, бір-біріңізді одан әрі түсінуге және бірге өмір сүруге деген төзімділікті қалыптастыруға өз үлестеріңізді қосасыздар деп сенемін. 

Болат Ақшолақов,

Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясының Президенті.