⚜️»Киім моделін жобалау» үйірмесінің сән көрсетілімі өтті

Сән ағымына сай денебітімге қонымды сән үлгісін таңдау және сол бұйымды тігу мен өңдеу ерекшеліктерін ескерту.Осы мақсаттарды орындау барысында адам тұлғасының ерекшеліктерін және кемшіліктерін айқындайтын, тұлғаға сәнді сипаттама беретін модель ойлап табылады.

Название мероприятия: ⚜️»Киім моделін жобалау» үйірмесінің сән көрсетілімі өтті
Дата проведения: 27.01.2023
Цель мероприятия: Сән ағымына сай денебітімге қонымды сән үлгісін таңдау және сол бұйымды тігу мен өңдеу ерекшеліктерін ескерту.Осы мақсаттарды орындау барысында адам тұлғасының ерекшеліктерін және кемшіліктерін айқындайтын, тұлғаға сәнді сипаттама беретін модель ойлап табылады.

?Бүгін «Оқушылар сарайы» — ЮНЕСКО клубы «Киім моделін жобалау» үйірмесінде шеберлік сабағы өтті. Қоғамдағы сұранысы мол тігінші мамандығына қызығушылықты арттырып, шеберлікті шыңдауға арналған бұл сабақта оқушылар пішу және тігу қағидаттарымен терең танысып, тиімді тәсілдерді меңгерді. Жұмыс тәжірибесімен танысып, жетекшіден көптеген қызықты кеңестер алды. Дене пішініне сай келетін үлгілерді таңдап, өңдеу ерекшеліктерін игерді. Сонымен қатар, тәлімгердің нұсқауымен сәнді модельдер ойлап табуға белсене атсалысты.

♦️Өз кезегінде шеберлік сабағы балалардың бойындағы эстетикалық тәрбиенің нығаюына ықпал етіп, талғамы, көзқарасы мен идеяларының қалыптасуына септігін тигізгендей.

@unescoсlubskz

@indirasarkytovna

Ссылка на отчётное видео