Название мероприятия: «Жақсылық жасауға асығайық»
Дата проведения: 28.01.2021
Цель мероприятия: — оқушыларға махаббат, бақыттың құндылық ретіндегі мағынасы және мейірімді адами қасиеті мен өзара көмек әрекеттері туралы түсінік беріп, қамқорлық жасау, көмек көрсету дағдыларын дамыта отыра, рухани адамгершілік қағидаларын өз бақыты үшін дұрыс қолдана білуге, өмірді бағалай білуге тәрбиелеу.
2021 жылдың қаңтар айының 28-шы жұлдызында «Жылды жақсылықтан баста »атты ЮНЕСКО клубының жоспары аясында Бесқарағай балалар өнер мектебі «Жақсылық жасауға асығайық» атты мерекелік іс -шара өткізді. Мақсаты:
— оқушыларға махаббат, бақыттың құндылық ретіндегі мағынасы және мейірімді адами қасиеті мен өзара көмек әрекеттері туралы түсінік беріп, қамқорлық жасау, көмек көрсету дағдыларын дамыта отыра, рухани адамгершілік қағидаларын өз бақыты үшін дұрыс қолдана білуге, өмірді бағалай білуге тәрбиелеу.
— оқушыларды өз болашағы бағытын айқындап, мақсат қоя білуге үйрету;
— оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіру арқылы болашаққа құштарлығын дамыту;
Тәрбиелік мәні: Адам бойындағы адамгершілік қасиеттерін дамыту, өз-өзіне деген сенімін арттыру, адами қарым-қатынастарын қалыптастыру.
Мерекелік іс –шараға Бесқарағай ауданының мүмкіндігі шектеулі балалары қонақта болды. Мектеп ұжымы іс-шара соңында,келген әрбір балаға сый-сыйапаттарын таратты.